Құтқарушылар "апатқа ұшыраған" балықшыларға тікұшақпен көмекке келді

Ірі жол көлігі апатынан кейін жолаушылар көлікте ішінде қысылып, қар құрсауында қалды. Күннің күрт суытуына байланысты мұз қатып, қайықта қалған балықшылар құтқарылды. Сондай-ақ, мұз жарылып су астына кетіп бара жатқан көлік құтқарылды. Электр желілерінде авария болды. Осы іспетті төтенше жағдайлардың барлығын Қазақстанның құтқарушылары "Қыс-2021"Республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығу шеңберінде пысықтады.
Аңыз бойынша, іздеу жұмыстарына кәсіби кинологиялық иттер және жол талғамайтын ШЕРП көліктері жұмылдырылды.
Апаттан зардап шеккендер арнайы авариялық-құтқару құралының көмегімен құтқарылды. Ал аз уақытта тұтанған өрт көбікті сұйықтықпен лезде сөндірілді.
Қар құрсауында қалған жолаушылар "Трэкол" мен "Вахта" камазындарының көмегімен қар құрсауынан шығарылып, жылыту орнына эвакуацияланды. Ал жаттығуға арнайы тартылған шнекоротор жол төсемін тазалады.
Апат салдарынан электр энергиясынсыз қалған 32 000-нан астам абонент авариялық-техникалық жедел әрекет ету бригадасының көмегімен қайтадан жарық көзіне қосылды. Су құбыры және кәріз желілері тобы ең ірі аудандардың бірінің құбырындағы жарылысты қалпына келтірді. Ал суға батып бара жатқан балықшыларға МИ-171 тікұшағы көмекке жіберілді. Жүкшығырдың көмегімен құтқарушы зардап шегушіні эвакуациялау үшін қайыққа түсіп, мұз астына батып кеткен жеңіл автокөлік пен оның жолаушыларын сүңгуір бөлімшелері судан алып шықты. Апаттар медицинасы орталығының қызметкерлері барлық кезеңдерде зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсетті. Қазақстан Республикасы Қызыл Жарты Ай қоғамының еріктілері зардап шеккендерге жылы тамақ беріп, психологиялық көмек көрсетті.
Оқу-жаттығуларды Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар вице-министрі Марат Күлдіков басқарды. Ол құтқарушылар мен жергілікті, орталық атқарушы органдардың қыс кезінде туындайтын төтенше жағдайларға ден қоюға дайындығын тексерді.
Сондай-ақ оқу-жаттығу барысында ҚР ТЖМ Республикалық жедел штабы мен мобильді байланыс торабы құрылды. Зардап шеккендерге шұғыл медициналық көмек көрсетуге арналған шатырлы лагерь жайылды.
Оқу-жаттығуға барлығы жеке құрамнан 8000-нан астам адам және 2500-ден астам техника жұмылдырылды.