Семей құтқарушылары балаға көмек көрсетті

06 қазанда Семей қаласының құтқару қызметінің пультіне 2019 жылы туған бала абайсызда есік пен есік жақтауының арасындағы алшақтыққа саусағын салғаны және тұрып қалғаны туралы қоңырау түсті. Баланың ата-анасы оған көмектесуге бірнеше сәтсіз әрекеттен кейін құтқарушыларға жүгінді. Оқиға орнына жеткен МӨСБ-2 қызметкерлері есіктін арасын ашып, баланың саусағын шығарып алды. Баланың анасы құтқарушыларға көрсеткен көмегі үшін үлкен алғыс білдірді.
ШҚО ТЖД еске салады, төтенше жағдай кезінде 112 нөмірі бойынша хабарлау қажет, ешбір жағдайда балаларды қараусыз қалдырмаңыз.
ШҚО ТЖД баспасөз қызметі
Қызмет бағыты