Құтқарушылардың көмегі қажет болды

искареженный автомобиль

          Үржар ауданында Мақаншы - Келдімұрат тас жолының 10-шы шақырымында жол-көлік оқиғасы орын алды. Mitsubishi Space Wagon және Lada Priora атомобильдері соқтығысқан. Mitsubishi автокөлігінде жүргізуші қысылып, құтқарушылардың көмегі қажет болды.      Келген бойда 54-ӨСБ қызметкерлері екі автоцистернаның көмегімен шанағын созып, 1978 ж.т. қысылған ер адамды шығарып, жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырды. Төтенше жағдай туындаған кезде "112"нөміріне қоңырау шалыңыз.