
Автопарк ауданындағы Жезкент кентінде ит құдыққа құлап қалған. Күзетші әйел құдықтың ішінен қыңсылаған дауысты естіп, «112» құтқару қызметіне қоңырау шалды.
Оқиға орнына келгеннен кейін, № 48 өрт сөндіру бекетінің қызметкерлері итті қорқытып алмау үшін, баспалдақ арқылы ақырын құдыққа түсіп, итті арқан жіппен байлады. Үлкен ит шамамен 5 метр биіктіктен құлап, құдықтың түбінде біршама уақыт жатқандықтан, құтқарушылар абайлап әрекет етті, өйткені жануар жаралы болуы мүмкін еді.
Мұңлы, лас итті құдықтан алып шыққан кезде, ит жылдам қашып кетті.
Жануарды құтқаруға 3 адам мен 1 бірлік техника тартылды