«Ашық есік күні»

2021 жылдың 18 ақпанында Дүниежүзілік азаматтық қорғаныс күнін мерекелеу аясында Көкпекті ауданының азаматтық қорғаныс гарнизонында №33 өрт сөндіру бөлімінде, Ж.Шәйжүнісов атындағы орта мектебінің 5-сынып оқушыларының қатысуымен «Ашық есік күні» өткізілді. Аталған іс-шараны өткізудің негізгі мақсаты азаматтық қорғаныс ұйымдарының беделін көтеру, жас ұрпақтыңбойында патриоттық сезімді тәрбиелеу, қарауылдың жеке құрамының күзет қызметін атқаруымен таныстыру болып табылады. Балалар үшін бұл күн ерекше есте қалды, өйткені, балаларға өрт сөндіру бөлімі бойынша экскурсия жүргізіліп, қызметтік және тұрмыстық үй-жайлар көрсетілді және өрт сөндіруге арналған автокөліктермен таныстырылды.
Балаларға өрт сөндіруші мамандығы, тұрмыстағы өрт қауіпсіздігі ережелері және өртті байқаған кездегі алғашқы іс әрекеттер туралы баяндалды.
Көкпекті аудандық ТЖБ