Өрт сөндірушілер ТҚКС- та 130 шаршы метр алаңда өртті сөндірді

17 қараша күні сағат 11: 29-да Күршім ауылының Бунтовский көшесінде ТҚКС үй-жайларының бірінде өрт шықты. Шатырдың ағаш құрылымдары өртенді. Келген құтқарушылар өрттің шұғыл түрде жалпы ауданы 130 м.кв өртті жедел жойды. Өрттің алдын ала нұсқасы: электр сымдарын монтаждау және пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтамау.
Өртті сөндіруге барлығы 14 өрт сөндіруші мен 2 техника жұмылдырылды.
ШҚО ТЖД ТҚКС өрттің алдын алу үшін келесі қауіпсіздік шараларын сақтау керектігін ескертеді:
1.Машиналарды пайдалану орнында техникалық қызмет көрсету және жөндеу үшін пайдаланылатын жұмыс орындары өрт сөндіргіштермен және өртке қарсы құрал-саймандармен жарақтандырылуы тиіс.
2.Сымдардың тұйықталуына жол бермей, жабдықтың электр сымдарының жарамдылығын үнемі қадағалап отыру қажет.
3.Машиналарға техникалық қызмет көрсету және жөндеу кезінде пайдаланылған сүрту материалдары металл жәшікке жиналуы, ал жұмыстан кейін жұмыс орнынан жиналуы тиіс.
Өрт кезінде 101 және 112 нөмірлері бойынша хабарласыңыз.
ШҚО ТЖД баспасөз қызметі