Тарбағатай ауданында «Жас құтқарушылар» сыныбы ашылды

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі «Жас құтқарушылар» сыныптарын құру бағдарламасын белсенді түрде жүзеге асыруды жалғастыруда. Бұл бастама мектеп оқушыларының қауіпсіздік мәдениетін дамытуға, құтқарушы мамандығына қызығушылықты арттыруға және патриоттық тәрбиені қалыптастыруға бағытталған.Бүгін Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің 30 жылдық мерейтойы аясында Тарбағатай ауданындағы Ақжар ауылында Қыдырбек Біләлов атындағы мектеп-лицейінің ғимаратында Мұхамадиев Ахметқали Қабидолдаұлы атындағы «Жас құтқарушы» сыныбы ашылды.6-7-сынып оқушылары өрт қауіпсіздігі, алғашқы медициналық көмек көрсету, құтқару, қауіпсіздік мәдениетін дамыту және насихаттау бойынша теориялық және практикалық білімдерін меңгереді.Құтқарушылар сыныбының ашылуы төтенше жағдайларға ден қоюға қабілетті сауатты ұрпақ тәрбиелеудегі үлкен қадам болып табылады. Біз лайықты мұрагерді дайындап, ел болашағының берік іргетасын қалаудамыз", - деп атап өтті Шығыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Рашид Блялов.
Ашылу салтанатында оқушылар ант қабылдап, өздерін дайын екенін білдірді.