Жылыту маусымы кезіндегі қауіпсіздік шаралары туралы брифинг

Бүгін Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары азаматтық қорғау полковнигі Е. Отарғалымұлының қатысуымен «Жылыту маусымы кезіндегі қауіпсіздік шаралары» тақырыбында брифинг өтті.
Атқарылған жұмыстар:
- 54 мыңнан астам адам қамтылған 25 848 тұрғын үй араланды;
- Білім беру мекемелерінде 2 086 оқушыны қамтыған 68 интерактивті сабақ өткізілді;
- Әлеуметтік осал топтағы 136 үйге газанықтағыш құрылғылар орнатылып, 193 үйдің мұржалары тазартылды;
- Пропан газ баллондарын пайдаланатын 22 жатақханада түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Қауіпсіздік шаралары:
- Жылыту пештерінің мұржаларын үш айда бір рет тазалау;
- Түтін арналары мен қабырғаларды сылап, әктеу;
- Улы газдан уланудың алдын алу бойынша үгіт-насихат жұмыстарын жалғастыру.
Өрт немесе төтенше жағдай кезінде 101 немесе 112 нөміріне хабарласыңыз.