ТЖ саласындағы қызмет: өзекті мәселелер эфирде талқыланды

«Оңтүстік» телеарнасының «Әділетті Қазақстан» бағдарламасы эфирінде Төтенше жағдайлар департаментінің Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстарын ұйымдастыру басқармасы бастығының орынбасары, азаматтық қорғау полковнигі Азиз Саидкуловия Саипов сөз сөйледі.
Бағдарлама барысында спикер департамент қызметінің негізгі бағыттары, атқарылып жатқан жұмыстар, материалдық-техникалық базаны нығайту, инфрақұрылымды дамыту және құрылыс жұмыстарының барысы туралы жан-жақты баяндады. Атап айтқанда, республикалық және жергілікті бюджет есебінен бөлімшелердің техникамен 100% қамтамасыз етілгенін жеткізді. Сондай-ақ өрт сөндіру деполарын салу бағытында жүйелі жұмыстар жүргізіліп жатқаны атап өтілді. Қазіргі таңда 12 өрт сөндіру бөлімі жұмыс істейді.
2025 жылы 101, 102, 103 жедел қызметтеріне арналған 3 депо пайдалануға берілді. Мұндай нысандардың құрылысы қаланың Бозарық және Жаңаталап шағын аудандарында жалғасып жатқаны және олардың тиімділігі туралы айтылды.
Сонымен қатар күрделі өрттерді сөндіру, авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу ерекшеліктері және өрт сөндірушілердің күнделікті қызметі кеңінен қамтылды.
Сұхбат аясында қауіпсіздік мәселелері, төтенше жағдайлардың алдын алу шаралары, қызметке қабылдау тәртібі және азаматтық қорғау жүйесіне мамандар даярлау бағыттары да талқыланды. Сонымен бірге салаға қызығушылық танытқан жастар үшін бейінді оқу орындарына түсу мүмкіндіктері туралы ақпарат берілді.
Эфир көрермендерге төтенше жағдайлар қызметінің маңызы мен жұмыс ерекшеліктерін тереңірек түсінуге мүмкіндік берді.