«Бүгінгі әңгіме» бағдарламасындағы өзекті мәселе

«Бүгінгі әңгіме»  бағдарламасындағы өзекті мәселе

«Ontustik»   телеарнасының  «Бүгінгі әңгіме» бағдарламасында  Қызмет бастығының орынбасары  азаматтық қорғау полковнигі  С. Ташимбаев  арнайы қонақта болып,  өрт сөндіруші және құтқарушылардың қызметі, атқарылып жатқан жұмыстар,  бұл сала қызметкерлерін әлеуметтік қолдау бойынша жасалып жатқан жұмыстар  туралы  сұхбат берді.   Өрт сөндіру қызметіне жұмысқа орналасу,  Азаматтық қорғау академиясына түсу шарттары да бағдарлама көрермендеріне жеткізілді.

Бағдарлама соңында көрермендерді қауіпсіздік ережелерін  сақтауға шақырды.  Өрттің тілсіз жау екендігін алдын алу үшін ең бастысы қарапайым  ережелерді: балаларды қараусыз қалдырмау, пештерді, газ құрылғыларын уақтылы тазалау, арнайы мамандардың тексеруінен өткізу қажеттігін қатаң ескертті.