Қысқы жылыту маусымына дайындық: жылу және қауіпсіздік шаралары

Құрметті бұқаралық ақпарат құралдары!
Слайд-2
2024-2025 жылдардағы жылыту маусымы кезеңінде төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында 15 тамыз бен 15 қыркүйек арасында қала аумағында «Өрт қауіпсіздік айлығы» өткізілді. Оның шеңберінде тұрғын үй секторында төтенше жағдайлардың туындау тәуекелдерін азайтуға бағытталған кезең-кезеңімен өткізілетін қарқынды іс-шаралар жүргізілді.
Слайд-3
2023-2024 жылғы жылу беру кезеңінде қатты отынды пайдалану кезінде улы газбен улану бойынша 5 жағдай тіркеліп, нәтижесінде 4 адам қайтыс болды (2022-2023 жж.- 9 адам, 44% төмендеген), 2 адам жарақат алды (2022-2023 жж.- 0 адам, 100% өскен). Осындай жағдайлардың алдын алу және жою мақсатында келесі іс-шаралар жүргізілуде:
2024-2025 жылғы жылу беру кезеңі басталар алдында Шымкент қаласы әкімінің орынбасары А. Кәрімовпен «2024-204 жылдардағы жылу беру кезеңіне арналған өрт профилактикалық жұмыс» жоспары 2024 жылғы 08 тамызында бекітілді.
2024 жылғы 16 тамызда Шымкент қаласының әкімінің орынбасарымен қалалық төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою комиссиясының жоспарлы отырысы өткізілді. Іс-шара барысында хаттама түзіліп, құзырлы органдарға тапсырмалар берілді.
Слайд-4
Жылыту маусымының басынан бастап, Департаментпен
әлеуметтік желілерде 120, БАҚ 25 шығарылым жарияланып (10 басылым, 6 ТВ, 9 радио) шағын аудандар арасында 125 рет дауыс зорайтқыштар арқылы түсіндірме жүргізілді.
7 мыңнан астам адамды қамтитын 3500 үй араланып, білім беру мекемелерінде 1000 оқушыны қамтитын 34 интерактивті сабақ өткізілді.
Слайд-5 Қала аумағында есепке алынған 2222 әлеуметтік жағдайы төмен отбасының барлығына 1 кезеңде үгіт насихат жұмыстары жүргізіліп, 3541 адамға қол қою арқылы жадынама парақшалары таратылды. Әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларды қайта аралау жұмыстары жүргізілуде.
Әлеуметтік осал топтағы отбасылардың 81 үйге газанықтағыш құрылғылары қойылды. Алдағы уақытта осы бағытта жұмыстар жалғасын табады.
Жеке кәсіпкерлермен және аудандық әкімдіктермен меморандум түзу арқылы 125 газанықтағыш құрылғылары сатып алынды. Қазіргі уақытта әлеуметтік осал топтардың барлығын газанықтағыш құрылғылармен қамтамасыз ету мақсатында меморандум түзу жұмыстары жүргізілуде.
Аптасына бір рет жылыту маусымы кезінде уланудың алдын алу бойынша СМС-тер жолданылады.
Департаменттің ведомствалық есебіне сәйкес, қала аумағында табиғи газға қосылмаған, пропан газбаллондарды қолданып жүрген 22 жатақханаға толығымен үгіт-насихат жұмыстары жүргізіліп, жадынама парақшалары таратылды.
Қала аумағында орналасқан қатты отынды пайдаланатын 3500 аса тұрғын үйлерге түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Атамекен кәсіпкерлік палатасында «көппәтерлі тұрғын үйлер үшін өрт қауіпсіздігінің міндетті талаптарын түсіндіру және ауланы күтіп ұстау», «кәсәпкерлердің құқықтарын қорғау шараларын іске асыру туралы» дөңгелек үстелдер өткізілуде.
Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің ұйымдастыруымен 112 бағдарламасымен бірлесіп, «Үлгілі үй» іс-шарасы өткізілді. Іс-шара жеңімпазы ретінде «Дендропарк» тұрғын үй кешені таңдалды.
«Өрт қауіпсіздігі айлығы» акциясы өткізілді. Акция барысында қала аумағындағы әлеуметтік осал топтағы отбасылар, табиғи газға қосылмаған жатақханалар, қатты отынды пайдаланатын тұрғын үйлер араланды.
«Өрт қауіпсіздік сағаты» акциясы бойынша кинотеатрларда фильмдер көрсету алдында ата-аналар мен балаларға арнайы дайындалған 10 бейнероликтер көрсетілді және одан бөлек ЛЭД экрандарда өрт қауіпсіздігі бойынша 25 бейнероликтер жарияланды.
Сонымен қатар «Жатақхана», «Оттан сақ бол» акциялары өткізілді.
Слайд-6
Баяндама аяқталды! Назарларыңызға рахмет!