Шомылу маусымының қорытындысы туралы брифинг

Шомылу маусымының қорытындысы туралы брифинг

Өңірлік-коммуникациялық орталығында өткізілген брифингте шомылу маусымы қорытындылап, шомылу маусымында атқарылған жұмыстар туралы ақпарат жеткізілді. Бас спикер болып Шымкент қаласы ТЖ департаменті Азаматтық қорғау басқармасының бастығы майор Н.Каракөзев  сөз сөйледі.

Шомылу маусымында профилактикалық іс-шаралар қарқынды түрде жүргізілді. Алайда қауіпсіздік ережелеріне немқұрайлық таныту салдарынан, 2 қайғылы  оқиға орын алды. Екі жағдай да шомылуға тыйым салынған жерде болған.

Сонымен қатар 2024 жылғы шомылу маусымында тұрақты түрде  жүргізіліген рейдтердің нәтижесінде Департамент тарапынан бұзушылықтар анықталып,  әкімшілік құқық бұзушылық кодекстің 412-бабы (судағы қауіпсіздік ережелерін бұзу немесе орындамау 7 АЕК) бойынша 46 тұлғаға 806 702 тг айыппұл салынды.

Судағы қауіпсіздік ережелерін сақтау бойынша Департамент келесі ережелерді ұсынады:          Рұқсат белгілері бар жерде ғана шомылыңыз;

  • Бейтаныс жерлерге суға түспеңіз;
  • Жүзу білмесеңіз, суға беліңізден жоғары түспеңіз;
  • Балаларды судың маңайында қараусыз қалдырмаңыз;
  • Суға мас күйінде түспеңіз;
  • Түнде суға шомылмаңыз;

Спикер қала аумағында судағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша жұмыстар қыркүйек айының соңына дейін жалғасатынын атап өтті.