Өрт қауіпті кезеңінде өрт қауіпсіздік шаралары туралы брифинг өткізілді

Шымкент қаласы ТЖ департаменті күннің ысуына байланысты өрт қауіпті кезеңінде сақтық шаралар бойынша брифинг өткізді.
Брифинг Өңірлік коммуникация қызметінде өткізіліп, бас спикер болып Мемлекеттік өрт бақылау басқарманың бастығы Эльмира Ережепова және «Жасыл Белдеу» КММ-нің директоры Есдаулет Достияров сөз сөйледі.
Қаладағы өрт қауіпті жағдайы бойынша атқарылған жұмыстары туралы баяндаған Эльмира Ережепова 2024 жылдың 5 айында 93 өрт тіркелгенін атап өтті. Өткен жылмен салыстырғанда 52%-ға өскенін нақтылады. Сондай-ақ 289 жану жағдайлары орын алып, былтырғы жылмен салыстырғанда 10%-ға өскенін де атады. Ағымдағы жылда орман және дала өрт оқиғалары орын алмағаны қоса айтты.
Осыған қарамастан департаментте өрт қауіпті кезеңде, болуы мүмкін орман дала өрттерін сөндіруге жоғары өтімді 13 бірлік техника және 84 адам жеке құрамы және аэровизуалды бақылау жұмыстарын жүргізуге арналған 5 дана пилотсыз ұшу аппараттары ұдайы дайындыққа келтірілді.
Қала әкімдігімен өрт қауіпті кезеңде өткізілетін іс-шаралар туралы жоспары бекітіліп, тапсырмалар берілді. 15 – 16 мамыр аралығында Республикалық «Өрт – 2024» барлық мүделлі мекемелерді тарта отырып командалық-штабтық оқу-жаттығу өткізілді.
Ірі өрттер кезінде «Казавияқұтқару» АҚ-ның тікұшақтарымен су алу үшін пайдалануға болатын 4 су айдындарының кординаттары айқындалды ( Бадам, Тогуз, Ақжар, Текесу су қоймалары). Ашық ғаламтор желісіндегі Қазақстан Ғарыш сапары сайты арқылы орман қоры аумағына тәулік бойы ғарыштық мониторинг жұмыстары жүргізілуде.
Табиғи және техногенді сипаттағы өрт орын алған кезінде Шымкент қаласы, Түркістан облысының Төтенше жағдайлар және Шымкент қаласының Полиция департаменттерімен, сондай-ақ қала аумағындағы әскери бөлімдермен өзара әрекет ету іс-қимыл жоспарлары бекітілгенін баяндады.
Сонымен қатар, бүгінгі таңда бұқаралық ақпарат құралдарында, орман-дала алқаптарында өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша департаменттің қызметкерлерімен 212 үгіт-насихат жұмыстары жүргізілді. Жергілікті атқару органдары, полиция және еріктілерден құрылған мобильді топпен 54 рейдттік іс-шаралар жүргізіліп, 2 тұлғаға өрт қауіпсіздігі талапарын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылғаны туралы жеткізді.
Өрттің негізгі себебтері – қоқысты жинап жағу, сөндірілмеген темекі тұқылдарын тастау, балдардың отпен ойнауы, шыны ыдыстарды құрғақ шөпке лақтырып кету деп атап кетті.
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасының бұйрығына сәйкес «Жасыл белдеу» мекемесінде «Мемлекеттік орман қоры аумағында 2024 жылдың өрт қауіпі бар маусымына дайындық жөніндегі бұйрығы шығарылып, ағымдағы жылдың 12 ақпаны мен 6 наурыз аралығы өрт қауіпті маусымына дайындық айлығы өткізілді деп алдын алу шаралары туралы Есдаулет Достияров баяндады.
Бекітілген іс-шара жоспарына сәйкес мекемеде 40 адамнан тұратын 4 топқа бөлінген өрт сөндірушілер құрамы, сонымен қатар орман қорында және орталық кеңседе тұрақты кезекшілік кестесі мен тіркеу журналы жасалынды.
Одан бөлек мекемеде өрт қауіпті маусымында қажетті өртті сөндіруге арналған 2 дана АЦ ЗИЛ автокөліктері және соқасы мен тіркемелі цистернасы бар 2 дана МТЗ-1221 трактор тұрақты өрт сөндіруге бекітілді және де 2000 литр жанар-жағар майдың қоры жасақталып, орман күзеті қызметкерлері арнайы радиобайланыс құралдарымен қамтамасыз етілді.
Қазіргі таңда орман және дала өрттерінің алдын алу үшін шөп ору және қураған ағаштарды кесу жұмыстары атқарылуда.