Жазғы кезеңдегі балалардың қауіпсіздігі

2024 жылдың 23 шілдеде Өңірлік коммуникациялар қызметінде «Жазғы кезеңдегі балалардың қауіпсіздігі» тақырыбында баспасөз конференциясы өтті. Шараға Шымкент қаласы ТЖД Азаматтық қорғаныс басқармасының бастығы майор Н.Қаракөзев және Төтенше жағдайдың алдын алу бөлімінің бастығы азаматтық қорғау подполковнигі И.Махмудов қатысты.
Спикерлер Төтенше жағдайлар департаменті балалардың жазғы кезеңде қауіпсіз демалуына ерекше көңіл бөлетінін атап өтті. Ең маңыздысы су айдындарында балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету болып табылатынын Н.Қаракозев айтып өтті. 2024 жылы су айдындарында республика бойынша 86 адамның суға бату оқиғасы орын алған, оның ішінде 34 бала. Шымкент қаласы бойынша су айдындарында 1 жазатайым оқиға тіркелді. Анықтамалық: 27.06.2024 жылы Абай ауданы, Қайнарбұлақ тұрғын алабындағы, Қайнарбұлақ жасанды көлі, тыйым салынған орында 23.12.2001 ж.т. ер адамның суға бату оқиғасы тіркелді.
Қалада суда жаппай демалу, туризм және спорт үшін қала аумағында 5 ресми орын бекітілген, оның ішінде 3 орында шомылуға рұқсат етілген. Қала аумағындағы аквасаябақтар мен бассейіндер шомылу маусымында жұмыс атқарады. Сәуір айынан бастап судағы қауіпсізідікті сақтау бойынша 284 рет рейдтік іс-шаралар жүргізілді. (28255 адам қамтылды) Бұл бағыттағы жұмыстар күнделікті, демалыс және мейрам күндері күшейтілген режимде жүргізіледі.
Спикер су пайдалану қағидаларын бұзғандығы үшін Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексіне сәйкес (412, 364, 440 баптары) жауапкершілікке тартылғандар туралы айтты. 2024 жылғы шомылу маусымы аясында Департамент тарапынан әкімшілік құқық бұзушылық кодекстің 412-бабы (судағы қауіпсіздік ережелерін бұзу немесе орындамау 7 АЕК) бойынша 26 тұлғаға 439 348 тг айыппұл салынды.
ТЖ алдын алу бөлімінің бастығы Ирисмат Махмудов терезеден құлау фактілеріне тоқталып, Шымкентте жыл басынан бері балалардың терезеден құлауының бес жағдайы тіркелгендігін атап өтті. Барлық жағдайлар ата-аналардың немесе үлкендердің балаларды қараусыз қалдыруына және пәтерлердің терезелері ашық болуына байланысты орын алып отыр.
Департамент қызметкерлері балалардың қауіпсіздігін арттыру мақсатында, адамдар көп жиналатын орындарда, сондай-ақ қала аумағында орналасқан көпқабатты тұрғын үйлердің тұрғындары арасында жыл басынан бері 8625-ден астам адамды қамтий отырып 129 көпқабатты тұрғын үй кешенін аралап, 70 жиын өткізді. Онда жадынамалар (2240) таратылды. Көпқабатты үйлердің терезелерінен балалардың құлау фактілерін болдырмау бойынша ұсынымдар берілді. Сондай-ақ, Департамент халықтың әлеуметтік осал топтарының пәтерлеріндегі терезелерге қауіпсіздік құлыптарын (фиксаторларды) орнату бойынша (аудандық әкімдіктер мен демеушілердің қаражаты бойынша) акциялар өткізді, онда 40 пәтерде 56 дана терезе фиксаторлары орнатылды. Айта кету керек, біздің заңнамада баланың қауіпсіздігін қамтамасыз ету ата-ананың тікелей міндеті болып табылады. ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексінің 127-бабына сәйкес бұл міндеттерді орындамау әкімшілік жазаға әкеп соғады.
Сонымен қатар, өмірге немесе денсаулыққа қауіпті жағдайдағы баланың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді тиісінше орындамағаны үшін жауапкершілік ҚР Қылмыстық кодексінің 119 және 141-баптарында көзделген.
Департамент қызметкерлері ағымдағы жылдың 24 шілдесінде адамдар көп жиналатын жерлерде (арбат, саябақтар, скверлер, тұрғын үй кешендерінің аулалары және т.б.) тұрғындар арасында көп қабатты тұрғын үйлердің терезелерінен балалардың құлауының алдын алу бойынша ауқымды акция өтетінің және спикер өз баяндамасында қауіпсіздік ережелерін тағы да еске салып өтті.