Таңғы бағдарламадағы танымдық сұқбат

Ақмола облысында су тасқынына қарсы жұмыстарды жүргізуге қатысқан өрт сөндіру кезекші қызметі жедел кезекшісінің орынбасары Аліби Жұмабекұлы Каденов және №3 өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндіруші-құтқарушысы Арман Асильбекович Оразбаев "Отырар" телеарнасының "Жаңа күн" бағдарламасында қонақта болды.
Сұқбат барысында өрт сөндіруші және құтқарушылар су тасқынының салдарын жою бойынша жүргізген жұмыстары туралы кеңінен баяндап берді.
Олар шымкенттік құтқарушылардың 28 наурыздан бастап Ақмола облысының Аршалы, Атбасар, Целиноград аудандарында тәулік бойы су тасқынына қарсы жұмыстарды жүргізіп, дамбыларды нығайту үшін инертті материалдармен толтырылған 21000 астам қап төсегендігін, сондай-ақ 100 000 астам текше метр су сорылғандығын атап өтті. Оларға осындай нәтижелі жұмыстары үшін тұрғындар алғыстарын білдіріп, облыс әкімі алғыс хат табыс етті.
Тікелей эфир барысында көрермендерден өрт сөндіру және құтқарушылардың қызметі туралы сұрақтар қойылып, толық жауап берілді.
Шымкент қаласы ТЖД баспасөз қызметі