«Бүгінгі әңгіме»: Азаматтық қорғаныс және қауіпсіздік мәселелері

«Бүгінгі әңгіме»: Азаматтық қорғаныс және қауіпсіздік мәселелері

«Оңтүстік» телеарнасының “Бүгінгі әңгіме” бағдарламасына қонақ ретінде азаматтық қорғаныс басқармасының бастығы, майор Н.Каракозев шақырылды. Сұхбат барысында 1 наурыз – Дүниежүзілік азаматтық қорғаныс күніне орай өткізілетін іс-шаралар, азаматтық қорғау саласында атқарылып жатқан жұмыстар мен алдағы жоспарлар кеңінен таныстырылды.

Сондай-ақ төтенше жағдайлар туындаған жағдайда халықтың дұрыс іс-қимыл алгоритмі, қауіпсіздік шараларын сақтау, жер сілкінісі кезінде өзін-өзі ұстау тәртібі, эвакуациялық пункттердің орналасуы мен олардың қызметі туралы жан-жақты ақпарат берілді.

Бағдарлама барысында азаматтарды жеке қауіпсіздікке жауапкершілікпен қарауға, төтенше жағдайлар кезінде дүрбелеңге берілмей, ресми ақпарат көздеріне сүйене отырып әрекет етуге шақырды. Сонымен қатар азаматтық қорғау қызметінің негізгі міндеттері мен халықты қорғаудағы маңыздылығы атап өтілді.

Сұхбат соңында Н. Каракозев тұрғындарды төтенше жағдайлар кезінде қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау, эвакуациялық бағыттарды білу және ресми ақпарат көздеріне сүйену арқылы өз өмірі мен жақындарының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге шақырды. Сонымен қатар азаматтарды алдын алу шараларына белсенді қатысуға, өз-өзіне сенімді және жауапкершілікпен әрекет ету мәдениетін қалыптастыруға үндеді.

Қызмет бағыты