Шымкент: азаматтық қорғау саласы дамыту мен тұрғындардың қауіпсіздігін арттыру басымдықта

Шымкент: азаматтық қорғау саласы дамыту мен тұрғындардың  қауіпсіздігін арттыру басымдықта

Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы, генерал-майор Қ. Базарбаев «Панорама Шымкент» газетінің журналисіне арнайы сұхбат берді.

Сұқбат барысында Департамент бастығы қала тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында атқарылып жатқан жұмыстарға кеңінен тоқталды. Атап айтқанда, құтқарушылардың заманауи құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілуі, өрт сөндіру бөлімдерінің жаңа ғимараттарының салынуы, арнайы техникалардың алынуы мен қолданысқа берілуі жайлы баяндады. Сондай-ақ, төтенше жағдайлардың алдын алу және олардың салдарын жою ісінде құтқарушылардың ерен еңбегін атап өтіп, олардың  кәсіби дайындығын арттыруға көңіл бөлінетіндігіне ерекше назар аударды.

Генерал-майор Қ. Базарбаев қаладағы өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету, халық арасында түсіндіру жұмыстарын күшейту, әлеуметтік осал топтарға қолдау көрсету бағытында жүзеге асырылып жатқан кешенді шараларға да тоқталды. Оның айтуынша, азаматтық қорғау саласында қолға алынған жобалар тек төтенше жағдайлар кезінде жедел әрекет етуге ғана емес, сонымен қатар халықтың қауіпсіздік мәдениетін арттыруға да ықпал етуде.

Сұхбат соңында Департамент бастығы алдағы уақыттағы жоспарларымен бөлісті. Оның ішінде жаңа өрт сөндіру деполарын салу, құтқарушыларды заманауи құрал-жабдықтармен жабдықтау, тұрғындар арасында қауіпсіздік ережелерін түсіндіру жұмыстарын жүйелі түрде жүргізу және жастарды азаматтық қорғау қызметіне тарту мәселелері бар екенін атап өтті.