Орман өртін сөндіру бойынша «Өрт-2025» Республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығу

Орман өртін сөндіру бойынша «Өрт-2025» Республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығу

Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаменті, қаланың орман алқаптарында өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету шеңберінде бүгін «Жасыл белдеу» КММ орман қорында аумағында орман өртін сөндіру бойынша облыстық өрт-тактикалық оқу-жаттығуларын өткізді.
Осы оқу-жаттығулар шеңберінде қала аумағында туындайтын орман өрттерін сөндіру жөніндегі күштер мен құралдарды басқару органдарының өзара іс-қимылы, өрттер туралы ақпарат алмасу тәртібі, өзара іс-қимыл жасайтын мекемелер мен қызметтер арасында және табиғи өрттерді жоюға қатысатын өртке қарсы құралымдардың дайындығы пысықталды.
Осы оқу-жаттығуларға барлығы 42 бірлік техника және 290 жеке құрам жұмылдырылды (ТЖД 11 бірлік тех. және 92 ж/қ, орман мекемесі 10 бірлік тех. және 32 ж/қ, ПД 3 бірлік тех. және 15 ж/қ, Ұлттық ұлан 2 бірлік тех. және 50 ж/қ, ЖАО 9 бірлік және 20 ж/қ, Апаттар медицина орталығы 1 бірлік тех. және 5 ж/қ, «103» қызметі 2 бірлік тех. және 6 ж/қ, Газ қызметі 1 бірлік тех. және 3 ж/қ) Электр қызметі-1 бірлік тех. және 2 ж/қ, Су қызметі-1 бірлік тех. және 3 ж/қ, СЭС-1 бірлік тех. және 4 ж/қ)
Табиғи өрттерді ерте және уақтылы анықтау ғарыштық мониторинг, бейнебақылау және ұшқышсыз ұшу аппараттары арқылы бақылануда.
Сонымен қатар, орман мекемелері бойынша (Бадам-125, Жасыл белдеу-172) 297 км минералдық жолақтарға күтіп-баптау жұмыстары жүргізіліп, елді мекендерде қорғау үшін 744 км минералдық жолақтар жасалды.
Атқарылған профилактикалық жұмыстардың нәтижесінде жыл басынан өрт қауіпті кезеңде (кезең 20.03.2024 ж. басталды) орман өрттерінің саны 2 есеге (2024 ж. – 2, 2025 ж.- 0) азайды.
Төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар Департаменті өрт қауіпті кезеңде тұрақты негізде алдын алу іс-шараларын жүргізеді.