Өрт қаупі жоғары маусымда қауіпсіздік шаралары қатаң сақталуы тиіс

Өрт қаупі жоғары маусымда қауіпсіздік шаралары қатаң сақталуы тиіс

 

Өрт қауіпті кезеңде халыққа қауіпсіздік ережелерін түсіндіру мақсатында Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары, азаматтық қорғау полковнигі  С. Огай «Отырар» телеарнасына арнайы сұхбат берді.

Сұхбат барысында азаттық қорғау полковнигі С. Огай табиғат аясында демалу, саяжайда от жағу, қоқыс өртеу кезінде сақталуы тиіс негізгі өрт қауіпсіздігі талаптарын егжей-тегжейлі түсіндіріп өтті.

Сонымен қатар, ол белгіленген талаптарды бұзу — жауапкершілікке әкелуі мүмкін екенін ескертіп, тұрғындарды барынша мұқият болуға шақырды.

Шымкент қаласы ТЖД өрт қауіпті кезеңінде азаматтарды қауіпсіздік  ережелерін сақтауға шақырады:

  • ықтимал өрттің алдын алу үшін үйдің айналасын құрғақ шөптер мен қоқыстардан тазалаңыз;
  • табиғатқа шыққан кезде өзімен бірге өрт сөндіру құралдары: су, өрт сөндіргіш, күрек болуы тиіс;
  • арнайы бөлінген жерлерде от жағу кезінде нұсқауларды қатаң сақтаңыз;
  • балаларға табиғаттағы қауіпсіз мінез-құлық ережелерін және отпен ойнауға жол бермеуді түсіндіріңіз.

 Осы қарапайым ережелерді сақтау — әркімнің табиғатты сақтауға, айналасындағылардың қауіпсіздігіне және төтенше жағдайлардың алдын алуға қосқан үлесі екенін еске саламыз.