Подкаст "Уақыт Тв"

№5 өрт сөндіру бөлімінің қарауыл бастығы азаматтық қорғау капитаны Арман Сарыбаев “Уақыт TV” телеарнасының подкастында жұмысшы мамандығының маңыздылығы және ТЖМ-нің 30 жылдығына орай өз қызметінің ерекшеліктері туралы бөлісті. Ол өрт сөндірушілердің күнделікті жұмысы, төтенше жағдайлардағы әрекеттері, қызмет барысында кездесетін қиындықтар мен қызықты сәттер жайлы әңгімеледі.
Осындай сұхбаттар қоғам үшін өте маңызды, өйткені олар азаматтық қорғау қызметкерлерінің еңбегін насихаттауға және өрт қауіпсіздігі туралы халықты ақпараттандыруға көмектеседі.