“Кешкі шай” бағдарламасы

“Уақыт TV” телеарнасының “Кешкі шай” бағдарламасында Жедел-құтқару жасағы басшысының орынбасары Рауан Дүйсенбеков қонақта болды. Сұхбат барысында ол құтқарушылардың күнделікті жұмысы, түрлі төтенше жағдайлар кезіндегі әрекеттері, сондай-ақ осы мамандықтың жауапкершілігі мен ерекшеліктері туралы әңгімеледі.
Құтқарушылардың қызметі – тек кәсіби шеберлікті ғана емес, батылдық пен жанқиярлықты талап ететін күрделі жұмыс. Бағдарлама барысында құтқару операцияларының қызығы мен қиындығы, оқыс оқиғалардағы шұғыл шешім қабылдау, төтенше жағдайлардағы тәжірибе секілді тақырыптар қозғалды. Сонымен қатар, Рауан Дүйсенбеков бұл салаға қалай келгені, қызмет барысында есінде қалған оқиғалар және құтқарушылардың дайындығы туралы да бөлісті.