Жиі қойылатын сұрақтар
Автожолдарда өлім-жітімді азайту үшін ТЖМ жүйесінде 41 трассалық медициналық-құтқару пункті (ТМҚП) жұмыс істейді. ТМҚП ерекшелігі жол-көлік оқиғаларында зардап шеккендерге шұғыл көмек көрсетудің кешенді тәсілі болып табылады. Шұғыл ден қою бригадаларының құрамына құтқарушылар да, дәрігерлер де кіреді, бұл оқиға орнында медициналық және құтқару шараларын жедел үйлестіруге мүмкіндік береді.
2024 жылы ТЖМ өрт сөндірушілерді, дәрігерлер мен құтқарушыларды біріктіретін әмбебап бөлімше құру бойынша пилоттық жобаны іске қосты. Мұндай модель бір мезгілде құтқару жұмыстарын жүргізуге, өрттерді сөндіруге және жергілікті тұрғындар мен ЖКО кезінде зардап шеккендерге медициналық көмек көрсетуге мүмкіндік бере отырып, ден қоюға бірыңғай және синхронды тәсілді қамтамасыз етеді.
Ақмола облысының Анар және Макинск ТМҚП пилоты шеңберінде жақын маңдағы өрт сөндіру бөлімдерінің құрамына интеграцияланады. 2025 жылы осындай бөлімше Павлодар облысының Аққулы кентінде жұмыс істей бастады. Тәжірибе кешенді жауап берудің тиімділігін көрсетті және мұндай бөлімшелерді құру жұмыстары жалғасады.
https://adilet.zan.kz/rus/docs/V2400034019
Алматы тауларында және оның маңында әкімдік төтенше жағдайлар немесе қолайсыз ауа райы жағдайлары кезінде туристердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған 18 тау саятшылығын орнатқан. Барлық саятшылықтар алғашқы көмек жинағымен, жылы көрпемен, ұзақ сақтау мерзімі бар азық-түлік жиынтығымен және мобильді зарядтау станциясы құрылғыларымен жасақталған.
Тау саятшылықтарының координаттары:
- «Тұйықсу» мұздығының соңғы мұздағы - 43° 3'40.20"С 77° 4'56.97"Ш;
- Жоғарғы «Горельник» - 43° 5 '28.81" С 77° 2 '58.00" Ш;
- «Проходное» шатқалы - 43° 0'46.85"С 76°54'46.04"Ш;
- «Лунная Поляна» саятшылығы - 43° 4'0.98"С 77° 0'4.51"Ш;
- «Сол жақ Талғар» шатқалы - 43° 2'32.86"С 77° 9'29.00"Ш;
- «Қызылсай» шатқалы-43° 5'56.66"С 77°24'36.34"Ш;
- «Үлкен Алматы» шатқалы - 43° 0'6.54"С 77° 1'20.30" Ш;
- «Шұбар арша» шатқалы - 43° 0'26.95"С 77°28'0.92"Ш;
- «Орта Талғар» шатқалы - 43° 7'11.94"С 77°17'7.09"Ш;
- «Түрген» өзені - 43°10'22.33"С 77°40'14.76"Ш;
- «Чин Түрген» өзені - 43°11'19.78"С 77°37'10.86"Ш;
- «Панорама» - 43° 8'49.63"С 77° 7'4.36"Ш;
- «Солнечная поляна» - 43° 4'58.21"С 77° 9'52.01" Ш;
- «Боз-Көл» көлі - 43° 9'28.82"С 77°28'40.45"Ш;
- «Корженевский» мұздығы - 43° 5'51.88"С 77°24'32.91"Ш;
- «Терра» - 43.045580, 76.913426;
- «Букреева» шыңы - 43.171251, 77.132373;
- «Құмбел» шыңы - 43.115967, 77.033066.
Саятшылықтардың орналасқан жері 2GIS платформасында цифрланған.
«Қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандырудың үлгілік қағидаларын және «Ағаштарды кесуге рұқсат беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 235 бұйрығына сәйкес ағаштарды кесу және санитариялық кесу жасыл желектерді күтіп-ұстау және қорғау мәселелерін реттеу саласындағы функцияларды жүзеге асыратын уәкілетті органның рұқсаты бойынша жүргізіледі.
Жергілікті атқарушы органның мамандары төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлерімен бірлесіп, сол жерге барып көзбен шолып тексеру жүргізеді.
Тексеру барысында құрғақ бұтақтарды немесе ағашты санитарлық кесу туралы шешім қабылданады.
«Табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар салдарынан зардап шеккендерге келтірілген зиянды (нұқсанды) өтеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 желтоқсандағы №1358 Қаулысына сәйкес, қағидалар Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасына сәйкес жатпайтын уақытша құрылыстарға, шаруашылық-тұрмыстық және өзге де құрылыстарға жылжымайтын мүлік объектілеріне қолданылмайды, сондай-ақ заңсыз салынған объектілерге, бағалы киімдерге, сәнді заттарға не бағалы металдардан жасалған заттарға, заттарға, көркемдік құндылығы бар, сондай-ақ төтенше жағдайлар туындаған кезде сақтандыру объектісі болып табылған мүлік сақтандырушының қаражаты есебінен Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында айқындалған тәртіппен өтелуге жатады.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 желтоқсандағы №1358 қаулысымен бекітілген табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар салдарынан зардап шеккендерге келтірілген залалды өтеу қағидаларының 3-1-тармағына сәйкес, Зардап шеккендердің ең минималды сұранысын қанағаттандыру үшін қажетті мынадай мүлік өтеледі:
1) осы Қағидалардың 2-тармағында көзделген тұрғын үй, пәтер немесе уақытша (маусымдық) тұруға арналған құрылыс;
2) ауылшаруашылық жануарлары;
3) тағамды сақтауға және дайындауға арналған заттар – тоңазытқыш, газ плитасы (электр плитасы) және ыдыс-аяқ шкафы;
4) тамақтануға арналған жиһаз заттары – үстел мен орындық;
5) ұйықтауға арналған жиһаз заттары – кереует (диван);
6) азаматтарға хабар беру құралдарының заттары – теледидар (радио);
7) киім күтіміне арналған заттар – кір жуғыш машина;
8) сумен жабдықтау және жылу беру құралдарының заттары (орталықтандырылған сумен жабдықтау және жылу беру болмаған жағдайда) – су беруге арналған сорғы, су жылытқыш және жылыту қазандығы (тасымалды пеш);
9) осы Қағидалардың 2-тармағында көзделген тұрғын үйлердің, пәтерлердің немесе уақытша (маусымдық) тұруға арналған құрылыстардың жылу бөлетін құрылғыларына арналған тұрмыстық отын қоры;
10) мүгедектігі бар адамдардың жүріп-тұруын қамтамасыз ететін арнайы құрал – кресло-арба.
Осы тармақтың 2) тармақшасына сәйкес табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар салдарынан зардап шеккендерге келтірілген зиянды (нұқсанды) өтеу агроөнеркәсіптік кешен саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен жүзеге асырылады.
Осы тармақтың 3) – 10) тармақшаларына сәйкес табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар салдарынан зардап шеккендерге келтірілген зиянды (нұқсанды) өтеу келтірілген залал мөлшерінің бағалануына сәйкес жүзеге асырылады, бірақ 150 айлық есептік көрсеткіштен аспайды.
Табиғи сипаттағы төтенше жағдайлардан келтірілген залалды өтеу мәселелері «Табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар салдарынан зардап шеккендерге келтірілген зиянды (нұқсанды) өтеу қағидаларын бекіту туралы» 2014 жылғы 19 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің №1358 Қаулысымен реттеледі.
Ережелерге сәйкес, табиғи сипаттағы төтенше жағдайлардан зардап шеккендерге келтірілген залалады (нұқсанды) өтеу зардап шеккендер ең аз қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін, Қазақстан Республикасы Үкіметі айқындайтын тәртіппен жүзеге асырылады. Бұл қаражат жергілікті атқарушы органдардың табиғи сипаттағы төтенше жағдайлардың салдарын жоюға арналған бюджет қаражатынан және/немесе ұйымдардың, азаматтардың ерікті жарналары, қорлар мен қоғамдық бірлестіктердің қаражатынан және басқа да Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына қайшы келмейтін көздерден қаржыландырылады.
Төтенше жағдайлар министрлігі (ТЖМ) туристердің жүру бағыттары туралы аумақтық бөлімшелерде мәліметтердің болмауына байланысты оларды іздеу кезінде көп мөлшерде ресурстар мен уақыт жұмсалады.
Таулы жерлерде, төмен температурада, жауын-шашын және басқа да күрделі климаттық жағдайларда әрекет ету уақыты адамдардың өмірі мен денсаулығына тікелей әсер ететін негізгі фактор болып табылады.
Осыған байланысты, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі 2025 жылғы 27 тамызда № 363 бұйрығын қабылдады:
«Өмірге қауіп төндіретін тәуекелмен байланысты қиын жететін жерлердің, су, тау және спелеологиялық нысандардың тізбесін және азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық органдарын хабардар ету қағидаларын бекіту туралы». Бұл бұйрық ҚР Әділет министрлігінде 2025 жылғы 27 тамызда № 36696 тіркелді.
Аталған бұйрықпен Өмірге қауіп төндіретін тәуекелмен байланысты қиын жететін жерлердің, су, тау және спелеологиялық нысандардың тізбесі, Азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық органдарын туристік бағыттар туралы хабардар ету қағидалары бекітілді.
Қағидалар туристік сапарға шығатын жеке тұлғалардың осындай қауіп-қатері жоғары аумақтар бойынша жүру бағыттары туралы аумақтық органдарға хабарлау тәртібін айқындайды.
Туристік сапар алдында жеке тұлғалар аумақтық органды келесі тәсілдердің бірімен хабардар етуге міндетті:
«eQonaq» ақпараттық жүйесінде және оның мобильді қосымшасында;
Аумақтық органның ресми сайтында көрсетілген электрондық пошта мекенжайы арқылы;
112 бірыңғай кезекші-диспетчерлік қызметінің телефоны арқылы.
Хабарламада келесі мәліметтер көрсетілуі керек:
1. Жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) және байланыс деректері. Егер сапар топпен жүзеге асырылса, топ мүшелерінің аты-жөні, саны және байланыс деректері көрсетіледі.
2. Маршрутқа шығу және оралу жоспарланған күні мен уақыты.
3. Бағыт туралы мәліметтер (басталу және аяқталу орны, ұзақтығы, түнейтін және демалатын орындар).
4. Алғашқы көмек көрсету құралдарының, байланыс құралдарының, зарядтау құрылғылары мен сигнал беру құралдарының болуы.
5. Қолданылатын көлік құралдары (бар болса).
6. Қосымша ақпарат (бар болса).
Су айдындарындағы қауіпсіздік қағидаларының 2-тармағының 22) тармақшасына (Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 19 қаңтардағы №34 бұйрығы) сәйкес, су объектілеріндегі және су шаруашылығы құрылыстарындағы жаппай демалуға, туризм және спортқа арналған орнын ұйымдастырушы – жеке және заңды тұлға, оған су айдынын рекреациялық мақсатта пайдалану үшін (жағажай, балық аулау, емдеу, туризм, спорт және суда немесе мұзда белсенді демалу, шағын көлемді кемелерді жалға алу және су айдындарында жүзу мен сырғанаудың басқа да құралдары), оның ішінде балалардың ұйымдастырылған демалысы берілген.
ҚР Азаматтық кодекстің 188-бабының 4-тармағының 2-бөлігіне сәйкес меншiк иесi өз құқықтарын жүзеге асырған кезде азаматтардың денсаулығы мен айналадағы ортаға келтiрiлуi мүмкiн зардаптарға жол бермеу шараларын қолдануға мiндеттi.
Осыған байланысты меншік иесі Су айдындарындағы қауіпсіздік қағидаларының 9-тармағының орындалуын қамтамасыз етеді және су объектілері мен су шаруашылығы құрылыстарында жаппай демалу, туризм және спорт орнын жабдықтайды.
Халықты әдеттегі зақымдау құралдарының, оның ішінде зымыран, авиация және атыс қаруларының зақымдану факторларынан қорғау үшін соғыс жағдайы кезінде немесе соғыс уақытында қарапайым пана қарастырылған («Азаматтық қорғаныс объектілерін құру және пайдалану қағидаларын бекіту туралы» ҚР Үкіметінің 2014 жылғы 19 желтоқсандағы № 1357 қаулысының).
Азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның ұйымдары мен оқу орындарында оқуға жататын лауазымды адамдардың тізбесі және оқытудың кезеңділігі халықты және азаматтық қорғау саласындағы мамандарды ақпараттандыру, білімді насихаттау, оқыту қағидаларына (ҚР ІІМ 2020 жылғы 2 шілдедегі № 494 бұйрығы) 1-қосымшаға сәйкес айқындалған. Сонымен қатар, азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерінде оқуға жататын тыңдаушылардың тізбесі және оқыту кезеңділігі Қағидаларға 3-қосымшада айқындалған.