Жалпы ақпарат

Бөлім туралы

Бөлім заңнамада белгіленген тәртіппен келесі міндеттерді орындайды:

1) мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру, кешкі (ауысымдық) оқыту түрін қосқанда, қосымша білім беруді қамтамасыз ету;
2) мектеп, мектепке дейінгі және мектептен тыс ұйымдардың материалды-техникалық базасын құру және нығайту, олардың инфрақұрылымын дамыту;
3) білім беру саласындағы әлеуметтік-экономикалық міндеттер кешенін және қалалық бағдарламаларды әзірлеу және жүзеге асыру;
4) білім беру жүйесін дамытуға ықпал ету, білім беру қызметінің сапасын қамтамасыз ету;
5) қаланың және басқа да өңірлердің ғылыми мекемелерімен білім беру саласында өзара іс-қимыл жасау;
6) он екі жылдық жалпы орта білім беруге көшу үшін жағдай жасау;
7) оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру;
8) педагогтар мен басқару кадрларының білім беру саласындағы жаңашылдықты енгізуі мен ізденуінде белсенділіктерін ынталандыру тетіктерін жетілдіруге ықпал ету, педагогтық бастамашылдықтың эксперименттік қабылдануын ұйымдастыру.

Ережені жүктеу