"Екібастұз қаласы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесінің миссиясы экономиканы әлеуметтік-экономикалық дамыту жөніндегі шараларды әзірлеу және экономикалық және бюджеттік жоспарлау саласындағы функцияларды жүзеге асыру болып табылады.
Міндеттері:
Екібастұз қаласы мен оның ауылдық аймағының әлеуметтік-экономикалық дамуының басым міндеттерін айқындау;
мемлекеттің макроэкономикалық саясатының стратегиясына сәйкес жергілікті атқарушы органдардың қызметін үйлестіру;
мемлекеттік жоспарлаудың бағдарламалық құжаттарын қалыптастыру бойынша бірыңғай және тұтас тәсілді қамтамасыз ету;
әлеуметтік-экономикалық реформаларды жүзеге асыру мақсатында қаржыны басқару;
қаланың салық-бюджет саясатын қалыптастыру;
нәтижеге бағдарланған мемлекеттік жоспарлау, үш жылдық бюджеттік бағдарламалау жүйесін жетілдіру.
Функциялары:
тиісті аумақта экономикалық және бюджеттік жоспарлау саласындағы функцияларды жүзеге асыру;
облыстық және қалалық әлеуметтік - экономикалық даму стратегиясын іске асыруға ықпал ететін экономиканы дамыту бойынша мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарын әзірлеу;
мемлекеттік жоспарлаудың бағдарламалық құжаттарын мониторингілеу және бағалау;
орта мерзімді кезеңге арналған әлеуметтік-экономикалық даму және бюджеттік параметрлер болжамын әзірлеу;
Екібастұз қаласы мен оның ауылдық аймағының әлеуметтік-экономикалық дамуына мониторинг және талдау жүргізу;
салық-бюджет саясатын анықтау, қала бюджетінің түсімдерін болжау және шығыстарын жоспарлау;
бюджеттік өтінімдерді қарау;
қаланың үш жылдық бюджетінің жобасын әзірлеу және оның іске асырылуын қамтамасыз ету;
макроэкономикалық көрсеткіштер негізінде қысқа және орта мерзімді перспективаға арналған кірістер мен шығыстар бойынша ұсыныстар әзірлеу;
қаланың ауылдық аумақтарын дамыту мониторингі және талдау;
мемлекеттік бюджет есебінен жүзеге асырылатын инвестициялық қызметті реттеу;
мемлекеттік жоспарлаудың бағдарламалық құжаттарын әзірлеу бойынша әдіснамалық басшылықты жүзеге асыру;
Екібастұз қаласы мен оның ауылдық аймағының әлеуметтік-экономикалық даму серпіні мен деңгейін рейтингтік бағалау мониторингі және талдау;
қалалық бюджеттік комиссияның қызметін қамтамасыз ету бойынша жұмыстарды жүзеге асыру;
Екібастұз қаласының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына әлеуметтік қолдау көрсету бойынша Мемлекеттік қызмет көрсету және тиісті комиссияның қызметін қамтамасыз ету;
қолданыстағы заңнамаға сәйкес тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүргізу;
Қазақстан Республикасының заңнамасымен оған жүктелген басқа да функцияларды жүзеге асыру.
Address: Republic of Kazakhstan, 141200 Pavlodar region, Ekibastuz, Energetikov str., 62, 502 KAB. Phone: 22-61-48
Email address: cofin.ae@pavlodar.gov.kz