Жиі қойылатын сұрақтар
«Цифрлық құжаттар» сервисіндегі мәліметтер «Жоғары білім берудің бірыңғай платформасы» ақпараттық жүйесінің (бұдан әрі – ЖББП) деректері негізінде көрсетіледі. Білім туралы деректерді ЖББП-ға деректерді толтырудың толықтығы мен сапасына жауапты Қазақстан Республикасының жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары тікелей енгізеді.
Баяндалғанның негізінде, цифрлық диплом туралы мәліметтерді жедел өзектендіру мақсатында Университетке тікелей өтінім беру мүмкіндігімен «Электрондық үкімет» порталы арқылы «Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім туралы құжаттар туралы мәліметтерді өзектендіру (түзету)» мемлекеттік қызметін пайдалануды ұсынады. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі – 15 жұмыс күн.
https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2300031894
Мысалы: Азамат Б.И.-дың Шымкент университетінен алған дипломының электронды нұсқасында оқу нысаны – сырттай, қағаз нұсқасында оқу нысаны – күндізгі. Осыған орай, азамат Б.И. дипломдағы мәліметтерді түзету үшін «Электрондық үкімет» порталы арқылы «Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім туралы құжаттар туралы мәліметтерді өзектендіру (түзету)» мемлекеттік қызметін пайдаланып, қызмет нәтижесін 15 күннің ішінде алды.
Білім беру ұйымы жабылған жағдайда жеке тұлғалар білім беру ұйымының тұрғылықты орны бойынша архивке жүгіне алады.
Мемлекеттік архивтер мен олардың филиалдары, ведомстволық және жекеменшік архивтер берген көшірмелер мен үзінділер түпнұсқалық заңды күші бар ресми құжаттар болып табылады.
https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2300031894
Мысалы:
Азамат Т.Е. Қазақстан-Ресей университеті берген жоғары білім туралы дипломын «Egov-mobile» қосымшасының «Цифрлық құжаттар» сервисінде шығаруды сұраған. Алайда, қазіргі таңда, аталған білім беру ұйымы жабылғандықтан, азамат Т.Е. «Egov-mobile» қосымшасы, www.egov.kz веб-порталы, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы «Мұрағаттық анықтама беру» мемлекеттік қызметіне өтініш беру қажет. Мемлекеттік қызметті орындау мерзімі – 5 жұмыс күн.
«Egov-mobile» қосымшасында «Цифрлық құжаттар» сервисіндегі мәліметтер «Жоғары білім берудің бірыңғай платформасы» ақпараттық жүйесінің (бұдан әрі – ЖББП) деректері негізінде көрсетіледі. ЖББП-дағы функционал деректерді толтырудың толықтығы мен сапасына жауапты Қазақстан Республикасы жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының (бұдан әрі – ЖЖОКБҰ) деректерін есепке алуға көзделген.
ЖББП-да шетелдік жоғары оқу орындарының есебінің болмауына байланысты дипломды цифрландыру мүмкін емес.
Шетелдік білім беру ұйымдары берген білім туралы құжаттардың ресми расталуы уәкілетті орган берген білім туралы құжаттарды тану туралы куәлік болып табылады.
https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2300031894
Мысалы: Азаматша А.Е. «Түрікмен политехникалық институтында» оқыған дипломын «Egov-mobile» қосымшасының «Цифрлық құжаттар» сервисінде шығаруды сұраған. «Egov-mobile» қосымшасында «Цифрлық құжаттар» сервисіндегі мәліметтер ЖББП ақпараттық жүйесінің деректері негізінде көрсетілетіндіктен, шетелдік білім беру ұйымдарының құжаттарын цифрландыру мүмкіндігі жоқ.
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі білім алушылардың оқу кезеңдері туралы деректерді ғана ұсынады. «Жоғары білім берудің бірыңғай платформасы» ақпараттық жүйесіне (бұдан әрі – ЖББП) деректерді Қазақстан Республикасының жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары (бұдан әрі – ЖЖОКБҰ) енгізеді және олар деректердің толықтығы мен дұрыстығы үшін жауапты.
Осыған байланысты оқу кезеңдерінің дұрыс көрсетілуіне қатысты мәселелер бойынша алдымен тиісті жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымына жүгіну ұсынылады.
Білім беру ұйымы ұсынған өзекті және расталған ақпарат болған жағдайда, әлеуметтік қамтамасыз ету мақсатында (соның ішінде зейнетақымен қамсыздандыру және міндетті әлеуметтік сақтандыру үшін) оқу кезеңдерін есепке алу мәселелерін шешу үшін әлеуметтік қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органға – Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне жүгінген орынды.
Мысалы: А.Е. азаматшасы Алматы гуманитарлық-экономикалық университетінің түлегі болып табылады, оны 2025 жылдың шілде айында бітірген. Сол уақытта «Сақтандыру» ақпараттық жүйесінде оның шілде, тамыз және қыркүйек айларында «сақтандырылған» мәртебесі тіркелген. Осындай жағдайда А.Е. азаматшасына төмендегілер қажет:
https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V1800017657
1. Университеттегі оқу кезеңі туралы деректерді нақтылау және қажет болған жағдайда ЖББП-да оларды өзектендіру;
2. Деректерді өзектендіргеннен кейін әлеуметтік қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті орган – Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне жаңартылған деректерді ескере отырып мәселені қарастыру үшін жүгіну.
«Цифрлық құжаттар» сервисіндегі мәліметтер «Жоғары білім берудің бірыңғай платформасы» ақпараттық жүйесінің (бұдан әрі – ЖББП) деректері негізінде көрсетіледі. ЖББП-дағы функционал деректерді толтырудың толықтығы мен сапасына жауапты Қазақстан Республикасы жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары (бұдан әрі – ЖЖОКБҰ) тікелей енгізеді. Осыған байланысты Сіз ЖЖОКБҰ-ға (канцеляриясына) тікелей жүгіне аласыз: https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V1800017657.
Мысалы, азаматша М.К. Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде алған жоғары білім туралы дипломын цифрландырғысы келеді. Ол үшін М.К. eGov mobile мобильді қосымшасы арқылы eOtinish функциясын пайдаланып, өзі білім алған оқу орнына өтініш жолдайды және дипломының сканерленген көшірмесін (бар болған жағдайда) қоса тіркейді немесе ЖЖОКБҰ-ға тікелей жүгінеді.
ЖЖОКБҰ 15 күннен аспайтын мерзімде диплом деректерін өзінің ақпараттық жүйесіне енгізу арқылы «eGov mobile» қосымшасында дипломның цифрлық нұсқасын жаңартады.
Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау немесе азаматтығын қалпына келтіру кезінде мемлекеттік тілді қарапайым деңгейде 36 (отыз алты) балдан кем емес, Қазақстан Республикасы Конституциясының негіздерін 9 (тоғыз) балдан кем емес, сондай-ақ Қазақстан тарихын 15 (он бес) балдан кем емес болу керек.
Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау немесе азаматтығын қалпына келтіру кезінде мемлекеттік тілді қарапайым деңгейде, Қазақстан Республикасы Конституциясының негіздерін, сондай-ақ Қазақстан тарихын білу көлемін айқындау бойынша тест тапсырмаларының жалпы саны – 100 (жүз), оның ішінде:
1) мемлекеттік тілді қарапайым деңгейде білу бойынша – 60 (алпыс), оның ішінде: тыңдалым бөлігі бойынша – 20 (жиырма), оқылым бөлігі бойынша – 40 (қырық);
2) Қазақстан Республикасы Конституциясының негіздері бойынша – 15 (он бес);
3) Қазақстан тарихы бойынша – 25 (жиырма бес).
Тестілеуге берілетін жалпы уақыт 2 (екі) сағат 10 (он) минутты құрайды.
Мүмкіндігі шектеулі адамдарға (мүгедектігі бар) тестілеу үшін қосымша 30 (отыз) минут беріледі.
Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау немесе азаматтығын қалпына келтіру кезінде мемлекеттік тілді қарапайым деңгейде, Қазақстан Республикасы Конституциясының негіздерін, сондай-ақ Қазақстан тарихын білу көлемін айқындау бойынша тестілеу келесі бөліктерден тұрады:
1) тілдік білімді бағалау жүйесінің қарапайым деңгейі бойынша қазақ тілін білуін айқындауға арналған тест тыңдалым және оқылым бөлімінен (қазақ тілінде);
2) Қазақстан Республикасы Конституциясының негіздері бойынша тест (қазақ немесе орыс тілінде);
3) Қазақстан тарихы бойынша тест (қазақ немесе орыс тілінде).
Философия докторлары (РhD) бағдарламасы бойынша докторантураға тұлғаларды ақылы негізде қабылдау шет тілін меңгерудің жалпыеуропалық құзыреттеріне (стандарттарына) сәйкес шет тілін меңгергенін растайтын халықаралық сертификатының негізінде және докторантураның білім беру бағдарламалары топтарының бейіні бойынша түсу емтиханының қорытындысы бойынша және мүмкін болған 100 балдан кемінде 75 балл, бейіні бойынша докторлар бағдарламасы бойынша докторантураға – 80 балдан кемінде 50 балл жинаған жағдайда жүзеге асырылады.
Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша философия докторлары (РhD) бағдарламасы бойынша докторантураға білім алу үшін түсу емтиханынан кемінде 75 балл, бейіні бойынша докторлар бағдарламасы бойынша докторантураға – кемінде 50 балл жинаған тұлғалар конкурстық негізде қабылданады.