Жиі қойылатын сұрақтар
Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары (бұдан әрі – ЖЖОКБҰ) білім алушылардың медициналық қызметпен қамтамасыз етілгендігін растайтын келесі мәліметтер мен құжаттарды ұсыну талап етіледі:
1) Медициналық қызметтпен қамтылғаны бар екендігі туралы мәліметтер
ЖЖОКБҰ білім алушыларға медициналық қызмет көрсету туралы мәліметтерді ұсынады, соның ішінде:
- оқу корпусында (немесе оқу корпустарында) жабдықталған медициналық пункттің болуы;
- білім алушыларға қызмет көрсететін медициналық ұйымның және оның медициналық қызмет көрсету лицензиясының бар болуы қажет;
Мәліметтер Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2024 жылғы 5 қаңтардағы № 4 бұйрығымен бекітілген біліктілік талаптарының https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2400033892 2-қосымшасындағы (бұдан әрі – БТ) нысанға ұсынылады.
ЖЖОКБҰ білім алушыларды медициналық қызметпен қамтамасыз етілгендігін растайтын құжаттың көшірмелерін ұсынады. Құжат ретінде келесі құжаттар болуы мүмкін:
- денсаулық сақтау ұйымының білім алушыларға медициналық қызмет көрсетуін қамтамасыз ету туралы жасалған келісімшарт (келісім);
- медициналық қызметпен қамтамасыз етілгенін растайтын басқа да құжат (бар болған жағдайда).
Құжатта медициналық ұйымның атауы және реквизиттері, келісімшарттың (немесе құжаттың) мерзімі келесі мәліметтер көрсетілуі тиіс, білім алушыларға көрсетілетін медициналық қызметтердің көлемі мен тізімі, медициналық қызметті ұйымдастыру бойынша тараптардың міндеттері.
2) Медициналық пунктерді ұйымдастыру бойынша рұқсат етілген нұсқалары.
Оқу корпустары ішкі өткелдермен қосылған жағдайда бір медициналық пункттің болуы рұқсат етіледі. Бұл талап «Ұлттық қауіпсіздік және әскери іс» саласында оқытуды іске асыратын ЖЖОКБҰ қолданылмайды.
Мысал, «А» атты ЖЖОКБҰ-да басқа қалалардан келіп оқитын білім алушылар көп. Оқу орнының басшылығы оқу ғимаратының аумағында тағы бір оқу ғимаратын салуды шешті. Алайда жаңа ғимарат негізгі корпусқа қосылмаған және онда медициналық пункт болмады. Осыған байланысты басшылық медициналық қызметті ұйымдастыру және медициналық пункт ашу үшін қажетті барлық құжаттар мен медициналық жабдықтарды дайындап, медициналық қызметке лицензия алуға өтініш берді. Сонымен қатар санитариялық талаптардың сақталуын қамтамасыз етті.
Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары (бұдан әрі – ЖЖОКБҰ) санитариялық-эпидемиологиялық қауіпсіздік саласындағы санитарлық ережелер мен нормаларға сәйкес, тұрғын үйге мұқтаж білім алушыларды жатақханаларда, хостелдерде немесе қонақүйлерде тұрумен қамтамасыз етуге міндетті. Бұл талаптар Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрінің 2024 жылғы 5 қаңтардағы № 4 бұйрығымен бекітілген жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының жүзеге асыратын білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптарында белгіленген https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2400033892.
ЖЖОКБҰ-да жатақханалар болмаған жағдайда ұйым білім алушыларға толық оқу мерзіміне тұрғын-үй орындарды ұсыну үшін хостелдермен немесе қонақүйлермен келісімшарттар жасасуы тиіс. Аталған орналастыру объектілерінде санитариялық-эпидемиологиялық қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органның талаптарға сәйкестігі туралы қорытынды болуы қажет.
Білім алушылардың тұрғын үймен қамтамасыз ету туралы мәліметтер, сондай-ақ растайтын құжаттар мен келісімшарттардың көшірмелері біліктілік талаптарына сәйкес нысан бойынша ұсынылады.
Мысал, А. есімді білім алушы басқа қаладағы университетке оқуға қабылданды. Алайда жатақханада орын жетіспегендіктен, университет оған оқу мерзіміне сәйкес жақын маңдағы хостелде тұру мүмкіндігін ұсынды. Тұрғын-үй жағдайлары санитариялық нормаларға сай болды, сондықтан ЖЖОКБҰ біліктілік талаптарға сәйкес келді.
«Нысаналы капитал қорлары және эндаумент-қорлар (нысаналы капиталдар) туралы» https://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z2500000199 ҚР Заңына сәйкес нысаналы капитал қоры негізгі капиталды қалыптастырады және сақтайды, ал қайырымдылық қызметі эндаумент-қордың активтерін басқарудан түскен кірістер есебінен жүзеге асырылады.
Нысаналы капитал қоры – инвестициялық кірісті қамтамасыз ету және эндаумент-қордың (нысаналы капиталдың) қайырымдылық бағдарламасында көзделген қайырымдылық объектілерін қаржыландыру үшін әлеуметтік салада эндаумент-қордың (нысаналы капиталдың) активтерін басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын, қордың ұйымдық-құқықтық нысанында құрылатын коммерциялық емес ұйым
Эндаумент-қор – эндаументтер (нысаналы салымдар) мен инвестициялық кіріс, сондай-ақ нысаналы капитал қорының меншікті қаражаты есебінен қалыптастырылатын және (немесе) толықтырылатын және эндаумент-қордың (нысаналы капиталдың) қайырымдылық бағдарламасында көзделген қайырымдылық объектілерін қаржыландыру үшін пайдаланылатын нысаналы капитал қорының мүлкі
Кәдімгі қайырымдылық қорлары алынған қайырымдылықтарды ағымдағы шығындар мен жобаларға бағыттайды, ал мақсатты капитал қоры ұзақ мерзімді қоғамдық пайдалы мақсаттарды тұрақты қаржыландыруды қамтамасыз етеді.
Мысалы: егер қайырымдылық қоры университетті қолдауға 50 млн теңге алса, ол бұл қаражатты бір-екі жыл ішінде аудиторияларды жөндеуге немесе жабдық сатып алуға жұмсай алады.
Сол 50 млн теңгемен нысаналы капитал қоры қаражатты инвестициялайды және жыл сайын, мысалы, университетті тұрақты негізде қолдай отырып, стипендияларға немесе ғылыми гранттарға 3-5 млн теңге мөлшерінде кіріс жібереді.
Эндаумент-қор – эндаументтер (нысаналы салымдар) мен инвестициялық кіріс, сондай-ақ нысаналы капитал қорының меншікті қаражаты есебінен қалыптастырылатын және (немесе) толықтырылатын және эндаумент-қордың (нысаналы капиталдың) қайырымдылық бағдарламасында көзделген қайырымдылық объектілерін қаржыландыру үшін пайдаланылатын нысаналы капитал қорының мүлкі.
Эндаумент-қордың (нысаналы капиталдың) мәні-негізгі капитал сақталады, ал инвестициялық кірістер (пайыздар, дивидендтер және т.б.) қайырымдылық мақсаттарға жұмсалады. Бұл «Нысаналы капитал қорлары және эндаумент-қорлар (нысаналы капиталдар) туралы» ҚР Заңының https://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z2500000199 мақсатымен тікелей көзделген эндаумент-қордың (нысаналы капиталдың) қайырымдылық бағдарламасында көзделген қайырымдылық объектілерін ақшаны және (немесе) эндаумент-қордың (нысаналы капиталдың) өзге де активтерін инвестициялау және кейіннен инвестициялық табысты пайдалану арқылы қаржылық қолдау.
Мысалы: егер қор 20 млн теңге алып, оларды инвестициялаған болса, онда пайданың бір бөлігі (мысалы, жылына 5-6 млн теңге) білімге немесе медицинаға бағытталуы мүмкін, ал 20 млн теңгенің өзі болашақ үшін қорда қалады.
Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрінің 2023 жылғы 11 желтоқсандағы № 625 бұйрығымен бекітілген «Жоғары және (немесе) одан кейінгі білім беру ұйымдарынан шыққан ресми құжаттарды апостильдеу» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына сәйкес, мемлекеттік қызмет көрсету келесі негіздер бойынша ғана бас тартылуы мүмкін https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2300033771:
1. Ұсынылған құжаттардың немесе олардағы деректердің анық еместігін анықтау;
2. Құжаттардың 1961 жылғы 5 қазандағы Гаага конвенциясының талаптарына сәйкес келмеуі (шетелдік ресми құжаттарды заңдастыруды талап етудің күшін жоятын конвенция);
3. Қызмет алушының шектеулі қолжетімді персоналдық деректерге қолжетімділікке келісімінің болмауы.
Мысалы, Б. есімді азамат Түркияға жұмысқа орналасып, бакалавр дипломына апостиль мөртаңбасын қоюды шешті. Ол «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына жүгініп, барлық қажетті құжаттарды тапсырды: дипломның түпнұсқасын, жеке куәлігін, мемлекеттік баждың төленгені туралы квитанцияны және жеке деректерге қол жеткізуге келісімін берді.
Алайда тексеру барысында аталған дипломның көрсетілген университет тарапынан берілмегені, ал азамат Б. бітірушілер тізімінде жоқ екені анықталды. Құжаттағы деректердің жалған екені анықталғандықтан, барлық құжаттартар азамат Б.-ның тұрғылықты жері бойынша құзыреттілігі бойынша прцессуалдық шешім қабылдау үшін құқық қорғау органдарына жолданды, сондай-ақ мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартылды.
«Бакалавр» немесе «магистр» дәрежелерін бере отырып, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша оқуға ақы төлеу үшін білім беру гранттарын беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 25 тамыздағы № 443 бұйрығына сәйкес (https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2300033345) бос білім беру гранттарын беру тек конкурстық негізде жүзеге асырылады.
Бос білім беру гранттары үлгерімнің орташа балы негізінде жазғы және қысқы демалыс кезеңінде ақылы негізде, конкурстық негізде оқитын білім алушыларға беріледі.
Осыған байланысты білім алушылар жазғы немесе қысқы каникул кезеңінде жоғары оқу орны басшысының атына бос білім беру грантын беру туралы өтініш беруі қажет. Бос орындар болған жағдайда өтініштер жоғары оқу орнының Ғылыми кеңесінің отырысында қаралады.
Мысалы, азамат Н. Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарының бірінде бакалавриаттың білім беру бағдарламасы бойынша ақылы негізде оқиды. Оқуды жалғастырудың қаржылық мүмкіндігінің болмауына байланысты ол білім беру грантын беру туралы өтінішпен жүгінеді.
Бұл жағдайда конкурстан тыс білім беру грантын беру заңнамада көзделмеген. Сонымен қатар, азамат Н. бос орындар болған кезде және белгіленген талаптарға, оның ішінде үлгерімнің орташа балы бойынша сәйкес келген жағдайда жазғы немесе қысқы демалыс кезеңінде бос білім беру грантын тағайындау конкурсына қатысуға құқылы.
«Нысаналы капитал қорлары және эндаумент-қорлар (нысаналы капиталдар) туралы» ҚР Заңының https://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z2500000199 10-бабының 3-тармағына сәйкес нысаналы капитал қорының пайда алушылары оның құрылтай құжаттарымен немесе эндаумент-қорды (нысаналы капиталды) құру туралы қамқоршылық кеңестің шешімімен, сыйға тарту, қайырымдылық, сондай-ақ, заңда көзделген ерекшеліктерді ескере отырып, Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес өсиетпен Нысаналы салым шартымен (шарттарымен) айқындалады.
Мысалы, егер азамат К.Қалиев қаражатты нысаналы капитал қорына аударса және сонымен бірге олардан түскен табыс студенттерге стипендия төлеуге жұмсалуы керек екенін көрсетсе, онда студенттер пайда алушылары болады, ал нысаналы капитал қоры дәл осы үшін кірісті пайдалануға міндетті.
Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарынан шығатын ресми құжаттарды апостильдеу бойынша мемлекеттік қызмет алу үшін қызмет алушы немесе оның сенімхатпен өкілі келесі құжаттарды «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына (бұдан әрі – Мемкорпорация) ұсынған кезде:
1. 2023 жылғы 11 желтоқсандағы № 625 бұйрықпен бекітілген «Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарынан шығатын ресми құжаттарды апостильдеу» мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына сәйкес бекітілген формадағы өтініш https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2300033771;
2. жеке басын куәландыратын құжат (түпнұсқа немесе электрондық құжат);
3. мемлекеттік баж төленгенін растайтын түбіртектің түпнұсқасы.
Электрондық үкімет порталы арқылы жүгінген жағдайда қызмет алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен қол қойылған электрондық өтініш; апостильделетін құжаттың электрондық көшірмесі.
Электрондық үкімет порталы арқылы жүгінген кезде жеке басы және төлем туралы деректер мемлекеттік ақпараттық жүйелерден автоматты түрде алынады.
Мысалы, М. есімді азамат Англияға тұрақты тұруға кетуіне байланысты өзінің жоғары білімі туралы дипломына апостиль қою қажет деп шешті. Ол қажетті құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелерін Мемлекеттік корпорация арқылы жолдады. Алайда апостиль мөрі тек құжаттың түпнұсқасына ғана қойылатындықтан, М. есімді азаматқа бас тартылып қайтарылды.
«Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 2-тармағына сәйкес (https://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z070000319) егер Қазақстан Республикасының азаматы осы деңгейлердің әрқайсысының білімін бірінші рет алса, Мемлекет Қазақстан Республикасы азаматтарының мемлекеттік білім беру тапсырысына сәйкес конкурстық негізде тегін жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім алуын қамтамасыз етеді.
Осылайша, Қазақстан Республикасының азаматы аталған дәрежесі болса, магистр дәрежесін тек ақылы негізде ғана ала алады.
Мысалы, азамат М. гранттық негізде педагогикалық бағыт бойынша магистратурада оқуын аяқтап, магистр дәрежесін алды. Болашақта ол «Экономика» бағыты бойынша магистратураға түсуді жоспарлап отыр. Бұл жағдайда азамат М. көрсетілген бағыт бойынша магистратураға оқуға тек ақылы негізде қабылдануы мүмкін, өйткені ол бұрын магистр дәрежесін алған болатын.
Эндаумент-қор – эндаументтер (нысаналы салымдар) мен инвестициялық кіріс, сондай-ақ нысаналы капитал қорының меншікті қаражаты есебінен қалыптастырылатын және (немесе) толықтырылатын және эндаумент-қордың (нысаналы капиталдың) қайырымдылық бағдарламасында көзделген қайырымдылық объектілерін қаржыландыру үшін пайдаланылатын нысаналы капитал қорының мүлкі.
«Нысаналы капитал қорлары және эндаумент-қорлар (нысаналы капиталдар) туралы» ҚР Заңының https://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z2500000199 10-бабының 2-тармағына сәйкес нысаналы капитал қорының мүлкі мыналардан тұрады:
1) жеке және заңды тұлғалардың ерікті қайырмалдықтарынан;
2) сенімгерлік басқару шарты (шарттары) бойынша берілген мүліктен;
3) жеке және заңды тұлғалардың нысаналы салым шарты (шарттары) бойынша берілген эндаументтерінен (нысаналы салымдарынан);
4) нысаналы капитал қоры құрылтайшыларының жарналарынан;
5) эндаумент-қордың (нысаналы капиталдың) активтерін басқарудан түсетін инвестициялық кірістерден;
6) Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынбаған өзге де көздерден тұрады.
Мысалы, азамат Н.Ысқақов нысаналы капитал қорына 2 млн теңге сыйға тартты. Есептелгеннен кейін бұл сома нысаналы капитал қорының мүлкіне айналды.
Облигацияларға ақша салудың пайызы да қор мүлкінің бір бөлігі болып табылады және олар қайырымдылық мақсатында пайдаланылады.