Меню

Страницы

Статья

Балаларды зорлық–зомбылықтан қорғау, суицидтің алдын алужәне олардың құқықтары мен саламаттылығын қамтамасыз ету жөніндегі 2023-2025 жылдарға арналған кешенді жоспар іске асырылуда, оған бірқатар маңызды бастамалар кірді.

Өңірлік психологиялық қолдау орталықтарын дамыту бойынша жұмыстар жүргізілуде. Бүгінде орталықтар еліміздің 14 өңірінде ашылған, ашылған, онда әрбір бала, ата-ана, педагог қажет болған жағдайда көмек сұрай алады. Жыл соңына дейін қалған облыстарда да орталықтардың ашылуын аяқтау жоспарланып отыр.

Зорлық-зомбылыққа, жәбірлеуге (буллингке), кибербуллингке ұшыраған немесе куә болған кәмелетке толмағандарды ерте анықтау және оларға көмек көрсетуәдістемесі қабылданды.

21 387 жетім баланың 17 660-ы ғана қазақстандық отбасыларда тәрбиеленуде. Жыл сайын Қазақстан азаматтары отбасына 1000-нан астам жетім баланы қабылдайды.

Тәлімгерлік институты енгізілді: елімізде 300-ден астам адам жетім балаларға тәлімгер атанды

Еліміздің 9 өңірінің 50 мектебінде«ДосболLike» пилоттық антибуллингтік бағдарламасы басталды.

Мемлекет басшысының тапсырмалары аясында өткен жылдың қараша айында Оқу-ағарту министрлігі мен Ғылым және жоғары білім министрлігі бірлесіп «Менің бауырым» волонтерлік жобасын бастады.

Министрлік ЮНИСЕФ-пен бірлесіп 2023 жылы «Kazakhstan Kids Online. Қазақстандағы балалардың цифрлық өмірі» әлеуметтік зерттеуін өткізген болатын.

Сандық технологияларды жауапты, қауіпсіз және өнімді пайдалануға назар аудару мақсатында «Ата-аналар бақылауы» және «КиберТұмар» бағдарламаларына ата-аналарды қосу бойынша науқан басталды.

Дата публикации
21 мая 2024
Дата обновления
21 мая 2024
Тип

Сейчас читают

28 июля 2025
Техникалық және кәсіптік білім беру
28 июля 2025
Инфрақұрылымды дамыту
28 июля 2025
Балалардың құқықтарын қорғау

Социальные медиа

Facebook
Instagram
Youtube

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы