Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асырады. Министрліктің негізгі мақсаты – әрбір баланың амандығын қамтамасыз ету, қауіпсіз, инклюзивті және қолдаушы білім беру ортасын құру, сондай-ақ кемсітудің, зорлық-зомбылық пен немқұрайлылықтың кез келген түрінің алдын алу.
Министрлік қызметінің негізгі бағыттарына мыналар жатады:
балалардың білім алуға, қауіпсіздікке, зорлық-зомбылық пен қатыгез қарым-қатынастан қорғауға деген құқықтарының сақталуын қамтамасыз ету;
кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың, буллинг пен девиантты мінез-құлықтың алдын алу;
мектептік өзін-өзі басқару институттарын, мектеп омбудсменін және балалар қоғамдық бірлестіктерін дамыту;
оқушылар, ата-аналар мен педагогтер арасында бала құқықтары мәдениетін қалыптастыру және құқықтық сауаттылықты арттыру;
балалардың құқықтарын қорғау саласында мемлекеттік органдармен, халықаралық және қоғамдық ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау.