
Балалардың құқықтарын қорғау
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асырады. Министрліктің негізгі мақсаты – әрбір баланың амандығын қамтамасыз ету, қауіпсіз, инклюзивті және қолдаушы білім беру ортасын құру, сондай-ақ кемсітудің, зорлық-зомбылық пен немқұрайлылықтың кез келген түрінің алдын алу.
Министрлік қызметінің негізгі бағыттарына мыналар жатады:
-
балалардың білім алуға, қауіпсіздікке, зорлық-зомбылық пен қатыгез қарым-қатынастан қорғауға деген құқықтарының сақталуын қамтамасыз ету;
-
кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың, буллинг пен девиантты мінез-құлықтың алдын алу;
-
мектептік өзін-өзі басқару институттарын, мектеп омбудсменін және балалар қоғамдық бірлестіктерін дамыту;
-
оқушылар, ата-аналар мен педагогтер арасында бала құқықтары мәдениетін қалыптастыру және құқықтық сауаттылықты арттыру;
-
балалардың құқықтарын қорғау саласында мемлекеттік органдармен, халықаралық және қоғамдық ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау.
Құжаттар
Барлық құжаттарЖаңалықтар
Барлық жаңалықБаспасөз релиздері
Барлық баспасөз релиздеріПайдалы ақпарат
Барлық ақпаратты оқыңыз- 30 шілде 2026МақалаларАзаматтарды қабылдау орталығы
- 28 шілде 2025МақалаларБалалардың құқықтарын қорғау






