Стратегия және халықаралық ынтымақтастық департаменті

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің

Стратегиялық жоспарлау және үйлестіру департаменті туралы

ЕРЕЖЕ

 

  1. Жалпы ережелер

 

  1. Стратегиялық жоспарлау және үйлестіру департаменті (бұдан әрі – Департамент) Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік)құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
  2. Департамент өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын, Президенті мен Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
  3. Департаменттің құрылымын, штат санын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Жауапты хатшысы бекітеді.
  4. Департамент 3 басқармадан тұрады:

1) стратегиялық жоспарлау және дамыту басқармасы;

2) үйлестіру және мониторинг басқармасы;

3) стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды талдау басқармасы.

 

2. Департаменттің негізгі міндеттері, функциялары мен құқықтары

 

  1. Міндеті: Министрліктің құзыретіне жататын салаларда бірыңғай мемлекеттік саясатты құру мен оны іске асыруға қатысу.

Функциялары:

1) Министрлік құзыретін жататын мемлекеттік саясатты құру және салаларды дамытудың басым бағыттарын анықтау бойынша Министрліктің басшыларына ұсыныстарды әзірлеп, енгізеді;

2) Министрліктің білім және ғылым саласындағы стратегиялық мақсаттары мен міндеттерін жоспарлап, анықтайды және оны Министрлік басшыларына келісуге енгізеді.

  1. Міндеті: «Білім беру» басымдығы бойынша мемлекеттік бағдарламаларға, стратегиялық жоспарларға, «Қазақстан – 2050» стратегиясына, Стратегиясының стратегиялық жоспарларының, Қазақстан Республикасын 2025 жылға дейін дамытудың стратегиялық жоспарларына, Президенттің жыл сайынғы Қазақстан халқына жолдауларының қағидаларына және басқа да бағдарламалық құжаттарға сәйкестікті қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстарды жоспарлау, үйлестіру және мониторинг жүргізу.

Функциялары:

1) Министрліктің білім беруді және ғылымды дамытудың мемлекеттік бағдарламасын және оны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын, стратегиялық және операциялық жоспарын, Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің арасындағы меморандумды әзірлеу және оларға өзгертулер мен толықтыруларды енгізу бойынша жұмысты ұйымдастырады;

2) мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарын: Министрліктің құзыретіне жататын мәселелер бойынша стратегиялық жоспарларды, мемлекеттік және салалық бағдарламаларды, жалпыұлттық жоспарларды әзірлеуге қатысады;

3) білім беру саласындағы стратегиялық және бағдарламалық құжаттардың іске асырылу барысына мониторинг және талдау жүргізеді;

4) Мемлекет басшысының тапсырмаларының, Мемлекет басшысының Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауларының және Жалпыұлттық жоспарларының, жоспарлар мен салалық бағдарламалардың өз құзыреті шеңберінде іске асырылу барысына мониторинг жүргізуді және үйлестіруді, ол туралы ақпаратты дайындауды және белгіленген мерзімдерде енгізуді қамтамасыз етеді;

5) «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының орындалуы бойынша үйлестіруді, ақпаратты дайындап, енгізуді қамтамасыз етеді.

  1. Міндеті: білім және ғылым саласының дамуын талдау және болжауды жүзеге асыру.

Функциялары:

1) өз құзыреті шегінде әлемдегі білім және ғылым дамуының негізгі тенденцияларына, Қазақстан Республикасындағы білім және ғылым жүйесі дамуының жай-күйі мен перспективасының ағымдағы жағдайына мониторинг және талдау жүргізеді;

2) білім беру саласының әлеуметтік-экономикалық дамуының болжамын қалыптастыру бойынша жұмыс жүргізеді;

3) білім саласындағы стратегиялық және бағдарламалық құжаттардың іске асырылу барысы туралы ақпараттық-талдамалық, анықтамалық материалдарды әзірлеуді іске асырады;

4) стратегиялық мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу және оларды іске асыру бойынша тиімділік көрсеткіштерін жақсарту жұмыстарын үйлестіреді;

5) Министрді оның халық алдындағы есептеріне баяндамасын дайындауды  қамтамасыз етеді;

6) білім және ғылым саласының дамуының басым бағыттары бойынша Министрге Министрліктің алқа отырысына, ҚР Үкіметінің отырыстары мен селекторлық кеңестеріне, Қазақстан Республикасы Президент Әкімшілігіндегі кеңестерге, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің отырыстарына және т.б. өз құзыреті шеңберінде ақпараттық материалдар, баяндамалар, талдамалық анықтамалар, жазбалар дайындауды қамтамасыз етеді;

7) Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің арасындағы меморандумды іске асыру жұмыстарын үйлестіреді;

8) «Нұр Отан» партиясының «Қазақстан – 2021: Бірлік. Тұрақтылық. Жасампаздық» сайлауалды тұғырнамасын орындау бойынша, білім беру мен ғылым саласының әлеуметтік-экономикалық дамуы бойынша талдамалық материалдар, ақпарат пен есептерді дайындайды;

9) білім саласының мәселелері бойынша Мемлекет басшысының тапсырмаларының орындалуына мониторинг жүргізеді;

10) Қазақстанның білім және ғылым саласындағы бәсекеге қабілеттілік мәселелері бойынша жұмыстарын үйлестіреді;

         11) Қазақстан Республикасындағы білім беру жүйесінің жағдайы мен дамуы туралы жыл сайынғы ұлттық баяндаманы әзірлеуді үйлестіреді;

12) Қазақстан Республикасын әлеуметтік дамытудың 2030 жылға дейінгі жалпыұлттық тұжырымдамасын іске асыру, сондай-ақ Қазақстаның әлемнің ең дамыған отыз мемлекетінің қатарына кіруі бойынша жұмыстарды жоспарлайды және үйлестіреді;

13) Тұрақты даму мақсаттары мәселелері бойынша жұмыстарды үйлестіреді (ТДМ);

          14)  Өз құзіреті шегінде «Білім» бағыты бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің Жаңа күн тәртібін іске асыру мәселелері жөніндегі Жобалық офистің жұмысын үйлестіру;

  • Қазақстан Республикасы Үкіметінің Жаңа күн тәртібін іске асыру мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің Жобалық басқару орталығымен «білім» бағыты бойынша өзара іс-қимылды қамтамасыз ету;

16) жергілікті атқарушы органдармен, сонымен қатар өз құзыреті шеңберінде Министрліктің ведомствоға бағынысты ұйымдарымен өзара                 іс-қимыл жүргізеді;

17) өз құзыреті шеңберінде белгіленген тәртіпте нормативтік құқықтық актілер жобасын әзірлейді.

  1. Құқықтары мен міндеттері:

Департамент өзінің міндеттері мен функцияларын іске асыру мақсатында өз құзыреті шегінде:

1) Министрліктің құрылымдық бөлімшелерімен, министрліктермен, ведомстволармен және басқа ұйымдармен өзара іс-қимыл жасауға;

2) Департамент құзыретіне жататын мәселелер бойынша құрылымдық бөлімшелер мен ведомстволық бағынысты ұйымдардан, жергілікті атқарушы органдар мен білім беру және ғылым ұйымдарынан, лауазымды адамдардан қажетті ақпаратты, құжаттарды және мәліметтерді сұрауға және алуға;

3) Министрліктің құрылымдық бөлімшелерінен, ведомстволық бағынысты ұйымдарынан белгіленген тәртіппен білім және ғылым мәселесі бойынша ақпаратты сұратуға;

4) Министрлік басшылығының келісімімен бағдарламалық және стратегиялық құжаттар жобаларын, нормативтік құқықтық актілер жобаларын әзірлеу үшін сараптамалық комиссияның, жұмыс топтарының және уақытша шығармашылық ұжымдардың жұмысына, сонымен қатар жүктелген функциясына сәйкес Департамент өткізетін іс-шараларды әзірлеуге және оны іске асыруға Министрліктің құрылымдық бөлімшелері мен ведомстволық бағынысты ұйымдарының қызметкерлерін, ғалымдар мен басқа да мамандарды, оның ішінде шетелдіктерді тартуға;

5) Департаменттің құзыретіне жататын мәселелер жөнінде семинар, кеңестер және басқа іс-шараларды өткізуге;

6) Департаменттің құзыретіне жататын мәселелер бойынша ведомствоға бағынысты ұйым басшыларының есебін тыңдауға;

7) жетекшілік ететін ведомствоға бағынысты ұйымдарды құру, қайта ұйымдастыру және тарату мәселелері бойынша ұсыныстар енгізуге;

8) Министрлік басшылығының тапсырмасы бойынша басқа министрліктерде, агенттіктерде, ведомстволарда және ұйымдарда Министрліктің атынан өкілдік етуге;

9) Министрліктің негізгі қызметі бойынша жұмыс топтарының жұмысына қатысуға құқығы бар;

          10) «Білім» бағыты бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің Жаңа күн тәртібін іске асыру мәселелері жөнінде Жобалық офиске қажетті ақпаратты жинақтау;

Міндеттер мен функцияларды іске асыру мақсатында Департамент:

  • ҚР білім беруді және ғылымды дамытудың мемлекеттік бағдарламасының, Министрліктің Стратегиялық жоспарының, жыл сайынғы операциялық жоспарының орындалуына бақылауды қамтамасыз етуге;
  • Министрліктің іс-қимыл жоспары мен жұмыс кестесінің және Министрлік басшыларының тапсырмаларын белгіленген мерзімде уақытылы және сапалы орындалуын қамтамасыз етуге;
  • Департамент құзыретіне жататын салаларда мемлекеттік бағдарламалардың, стратегиялық жоспарлардың іске асырылуын қамтамасыз етуге;
  • Департамент құзыретіне жататын салаларда қабылданған нормативтік құқықтық акілерге мониторинг жүргізіп, Заң қызметі департаментіне ақпарат енгізуге;
  • Осы Ережемен белгіленген міндеттер мен функцияларды орындауды қамтамасыз етуге міндетті.

 

  1. Департаменттің жұмысын ұйымдастыру

 

  1. Департамент өзінің негізгі міндеттері мен функцияларын іске асыру үшін заңнамалық актілерге, Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне, Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес қажетті өкілеттілікке ие.
  2. Департаментті лауазымға тағайындалуы және лауазымнан босатылуы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүргізілетін директор басқарады.
  3. Департамент директорының Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген жағдайларда орынбасарлары болады.
  4. Департамент директоры Департамент қызметіне басшылық жасайды және Департаментке жүктелген міндеттерді орындауға және олардың өз функцияларын іске асыруға дербес жауап береді.
  5. Директор мемлекеттік органның басшысына құрылым мен құрылымдық бөлімшенің штаттық кестесі бойынша ұсыныс енгізеді.
  6. Осы мақсатта директор:

1) өзінің орынбасарларының міндеттері мен өкілеттіліктерін, Департамент басшылығының өзара алмасу тәртібін айқындайды;

2) Департаменттің құрылымдық бөлімшелері басшыларының міндеттері мен өкілеттіктерін айқындайды;

3) Департамент туралы ережені әзірлейді және оны Жауапты хатшыға бекітуге ұсынады, сонымен қатар Департамент қызметкерлерін лауазымға тағайындау және лауазымнан босату туралы ұсыныс береді.

4) Министрлік басшылығының тапсырмасы бойынша Министрлік атынан мемлекеттік органдарда және басқа да ұйымдарда өкілдік етеді;

5) Министрлік басшылығының тапсырмалары мен жұмыс жоспарларының және кестелерінің уақытылы және сапалы орындалуын қамтамасыз етеді;

6) Департамент қызметкерлерін көтермелеу және оларға тәртіптік шаралар қолдану туралы ұсыныстар енгізеді;

7) сыбайлас жемқорлықпен күресті күшейтуге бағытталған шараларды қабылдау жөніндегі жұмысқа басшылық жасайды, қызметкерлердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес заңнамасының талаптарын сақтауын қамтамасыз етеді, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекет жөніндегі жұмыстардың жай-күйіне дербес жауап береді;

8) осы Ережеге және Министрлік басшыларының тапсырмаларына сәйкес өкілеттілікті іске асырады;

9) өзінің құзыретіндегі басқа да мәселелер бойынша шешім қабылдайды.

  1. Департамент директорының орынбасарлары:

1) өз құзыреті шегінде Департаменттің жұмысын үйлестіреді;

2) Департамент директоры болмаған жағдайда Департамент қызметіне жалпы басшылық етеді және Департаментке жүктелген міндеттерді орындауға және олардың өз функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болады;

3) өз құзыреті шегінде Департамент басқармаларының жұмысын үйлестіреді;

4) Департаменттегі еңбек және орындаушылық тәртіпке жауап береді;

5) Директордың қарауына Департамент қызметкерлерін көтермелеу және оларға тәртіптік шаралар қолдану туралы ұсыныстар енгізеді;

6) Министрлік басшылығының тапсырмасы бойынша Министрлік пен Департаментке қойылған міндеттерді орындайды;

7) Министрлік басшылығының немесе Департамент директорының тапсырмасы бойынша қолданыстағы заңнамаға сәйкес Министрлік атынан мемлекеттік органдарда және басқа да ұйымдарда өкілдік етеді;

8) Директор жүктеген өзге де функцияларды іске асырады.

  1. Департаменттің құзыретіне жататын мәселелер бойынша Департаменттің атынан басқа құрылымдық бөлімшелерге жіберілетін құжаттарға Департамент директоры, ал ол болмаған жағдайда оны алмастыратын адам қол қояды.