Бақылау және өтініштермен жұмыс департаменті

Департамент 4 басқармадан (бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету басқармасы, мемлекеттік тілді дамыту басқармасы, ұйымдастыру жұмысы және  министрліктің қызметін қамтамасыз ету басқармасы,  мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау басқармасы) тұрады.

Департаменттің негізгі міндеттері мен функциялары: Министрлікте құжат айналымының бірыңғай жүйесін ұйымдастыру және қолданыстағы заң актілеріне сәйкес оны жетілдіру; құрылымдық бөлімшелердің және Министрлік қызметтерінің ұйымдастырушылық, құжаттамалық қызметін қамтамасыз ету, жоғары мемлекеттік органдар құжаттарының уақтылы орындалуына бақылауды ұйымдастыру. Министрлікте «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру шеңберінде мемлекеттік тілде іс жүргізуді қалыптастыру және іске асыру; жоғары тұрған мемлекеттік органдарға жіберілетін мемлекеттік тілдегі  құжаттарды (мәтіндерді), нормативтік құқықтық актілердің жобаларын редакциялауды жүзеге асыру. Министрлік алқасының, аппараттық және орындаушылық тәртіп кеңестерінің жұмысын ұйымдастырушылық жағынан қамтамасыз ету, Министрліктің орталық аппаратын негізгі құралдармен, тұрғын ғимараттар мен  орын-жайлармен және көлік құралдарымен, кеңсе тауарларымен, телекоммуникациялық құралдармен жарақтандыру жұмысын ұйымдастыру. Білім және ғылым саласында көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын бағалау үшін мониторинг жүргізу.