Мектеп басшыларына тегін және жеңілдікпен тамақтандыру бойынша пилоттық жоба түсіндірілді

Мектеп басшыларына тегін және жеңілдікпен тамақтандыру бойынша пилоттық жоба түсіндірілді

2026–2027 оқу жылы қарсаңында Сәтбаев қаласының білім бөлімі білім беру ұйымдарының басшылары мен әлеуметтік педагогтерін жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін және жеңілдікпен тамақтандыруды ұсыну бойынша мемлекеттік қызметтің пилоттық жобасымен таныстырды.

Білім бөлімінің бас маманы Г. Хасенова бірлескен бұйрықтың талаптары мен пилоттық жобаны іске асыру тәртібін түсіндірді. Қатысушылар жобаның қосымшаларымен, қызмет алушының өтініші және ай сайынғы тамақтану табелінің үлгілерімен танысты.

Білім бөлімінің басшысы Б. Акишбеков ата-аналарға мемлекеттік қызметті ұйымдасқан түрде және сапалы көрсетуді тапсырды. Кездесу туралы ақпарат 26 тамызда жарияланды.

Қызмет бағыты