Директорлардың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларының секциясы өтті

Директорлардың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларының секциясы өтті

"ТАМЫЗ КЕҢЕСІ - 2026"

Сәтбаев қаласында білім беру қызметкерлерінің дәстүрлі «Тамыз кеңесі – 2026» аясында «Жаңа халықтық Конституцияның нормалары мен құндылықтары: адами капиталды дамыту – білім беру жүйесінің стратегиялық негізі» тақырыбында білім беру ұйымдары директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларына арналған секциялық отырыс өтті.

Секция жұмысы жаңа оқу жылында мектептегі тәрбие үдерісіне Конституцияда айқындалған негізгі құндылықтарды – заңға құрмет, азаматтық жауапкершілік, құқықтық мәдениет, отансүйгіштік, бірлік, әділеттілік және адам құқықтарын сақтау қағидаттарын жүйелі түрде енгізуге, тәрбиелік ортаны жаңғыртуға және оны тиімді басқарудың заманауи моделін қалыптастыруға арналды.

Секциялық отырыс барысында Абай атындағы №4 мектеп-лицейі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Б. Кенжебаева «Тәрбие – 2026: Конституция құндылықтарын мектеп өміріне енгізудің жаңа басқару моделі» тақырыбында өз тәжірибесімен бөлісті.

№3 жалпы білім беретін мектебі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары С.Д. Бақтиярова «Конституциялық құндылықтар негізіндегі тәрбие жұмысы: жасанды интеллекттің мүмкіндіктері мен тәжірибесі» тақырыбында тәжірибелік жұмыс нәтижелерін таныстырды.

Сонымен қатар, өткен оқу жылында қоғамдық жұмыстарға белсене қатысып, білім беру саласындағы тәрбие жұмысының дамуына үлес қосқан директорлардың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары Сәтбаев қаласының білім бөлімінің Алғыс хаттарымен марапатталды.