№16 мектеп оқушысы Мәлік Мұхит облыстық айтыста марапатталды

№16 мектеп оқушысы Мәлік Мұхит облыстық айтыста марапатталды

АЙТЫСТАН РЕСПУБЛИКАҒА ЖОЛДАМА!!!

№16 жалпы білім беретін мектептің 9-сынып оқушысы Мәлік Мұхит Жамбыл Жабаевтың 180 жылдығына арналған «Жыр алыбы – Жамбыл» республикалық жас ақындар айтысының облыстық кезеңінде «Қайым айтыс» номинациясы бойынша І дәрежелі дипломмен марапатталды!

Өнері өрге жүзіп, таланты толысып, алар асуы мен бағындырар биігі көп болсын!

Мәлік Мұхитты және жетекшісі Сыздықова Айнұр Мыңбайқызын шын жүректен құттықтаймыз!

Шығармашылық табыс, толағай жетістіктер тілейміз!

#№16Мектеп #ЖырАлыбыЖамбыл #ҚайымАйтыс #ЖасАқын #Жетістік #Мақтаныш

Қызмет бағыты