Сәтбаев педагогтері облыстық Ұстаздар күні іс-шарасында марапатталды

ҰСТАЗ – ҰЛТТЫҢ ШАМШЫРАҒЫ!
Ұстаз – ұрпаққа білім беріп қана қоймай, елдің ертеңін қалыптастыратын ұлы тұлға.
Мұғалімдер күніне орай Ұлытау облысында өткен «Ұстаз – ұлттың шамшырағы» атты салтанатты іс-шарада білім саласының үздіктері марапатталып, ұстаз еңбегіне лайықты құрмет көрсетілді.
Мерекелік шара барысында ұстаздар қауымына құттықтау сөзін арнап, марапаттарды табыстау үшін сөз Ұлытау облысының әкімі Есет Берікұлына және
Ұлытау облысы мәслихатының төрағасы Шыңғысов Бауыржан Қабденұлына беріліп, Сәтбаев қаласының ұстаздарын да марапаттады.
«Ерен еңбегі үшін» медалімен
Сәтбаев қаласындағы Сәкен Сейфуллин атындағы гимназияның бастауыш сынып мұғалімі
Казиева Арайлым Талдыбайқызы марапатталды.
Білім саласында биік белестерді бағындырып жүрген үздіктердің әрбір жеңісі – Сәтбаев қаласының абыройы, ұстаздық еңбектің үлкен мерейі.
«Ұлытау білім үздігі» атанған ұстаздарымыз:
Сәтбаев қаласындағы Абай атындағы №4 мектеп-лицейінің ағылшын тілі пәнінің мұғалімі
Абишева Меруерт Тұрсынбаевнаға 1 миллион теңге сыйақы сертификаты табысталды.
Сәтбаев қаласындағы Сәкен Сейфуллин атындағы гимназияның қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Бұқар Амангелді Оразұлына 1 миллион теңге сыйақы сертификаты табысталды.
Сәтбаев қаласындағы Бауыржан Момышұлы атындағы мектеп-гимназиясының география пәнінің мұғалімі
Жунусова Айнұр Бақтиярқызына бір миллион теңге сыйақы сертификаты табысталды.
Ұлытау облысының Құрмет грамотасымен
Сәтбаев қаласындағы Абай атындағы №4 мектеп-лицейінің орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Ибраева Ләззат Қасқырбайқызы марапатталды.
Ұстазға көрсетілген құрмет – білімге көрсетілген құрмет.
Барша марапат иелерін шын жүректен құттықтаймыз!
Еңбектеріңіз еленіп, абыройларыңыз асқақтай берсін!
Шәкірттеріңіздің биік белестері мен жарқын жеңістері сіздерге әрдайым мақтаныш сыйласын!