"Жаңа оқу жылындағы мектеп оқулықтары" онлайн (ZOOM) көрме

"Жаңа оқу жылындағы мектеп оқулықтары" онлайн (ZOOM) көрме

Еліміздегі мемлекеттік білім беру ұйымдары педагогтері үшін оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерді таңдау процесі маңызды мәселе болып табылады.

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 9 желтоқсандағы №491 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік білім беру ұйымдары педагогтерінің оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерді (ОӘК) таңдау қағидаларына» сәйкес, 2026 жылы ETANDAU.GOV.KZ электрондық платформасы арқылы 4-сыныпқа арналған келесі оқулықтар бойынша таңдау негізінде жүргізілді.

«Қазақ тілі» (оқыту қазақ және орыс тілінде жүргізілетін сыныптар үшін);
«Русский язык» (оқыту орыс тілінде жүргізілетін сыныптар үшін);
«Математика» (оқыту қазақ және орыс тілінде жүргізілетін сыныптар үшін);
«Дүниетану / Познание мира»;
«Әдебиеттік оқу / Литературное чтение».

Осыған орай, 2026 жылғы 10 ақпан күні, сағат 14:30–16:00 аралығында баспалармен бірлесіп, бастауыш сынып мұғалімдеріне және олардың әдістемелік бірлестіктеріне арналған «Жаңа оқу жылындағы мектеп оқулықтары» тақырыбында онлайн (ZOOM) көрме Б.Момышұлы атындағы мектеп-гимназиясы базасында ұйымдастырылды. Оған қаламыздан 3-4 сыныптарға сабақ беретін педагогтер қатыстырылды.