9-11- сынып оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың қалалық кезеңі

Сәтбаев қаласының әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен 9-11- сынып оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың қалалық кезеңі өтті. Олимпиаданың мақсаты: оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру; ғылыми ойлауын тереңдету және шығармашылық әлеуетін дамыту; жеке қабілеттері мен бейімділіктерін айқындау; дарынды білім алушылармен мақсатты әрі жүйелі жұмыс жүргізу; республикалық пәндік олимпиадаларға қатысуға дайын, бәсекеге қабілетті оқушыларды іріктеу.
Олимпиаданың жаратылыстану-математикалық бағытына білім беру ұйымдарынан 161 оқушы, қоғамдық-гуманитарлық бағытына 194 оқушы қатысты. 13 пән бойынша өткізілген олимпиаданың қалалық кезеңінен бірінші орын алған жеңімпаздар республикалық олимпиаданың облыстық кезеңіне жолдама алды.