Құжаттар
Құжат саны: 40
№Ағымдағы жылдың 13-15 мамыр күндері Қарқаралы қаласында өткен Бейнелеу өнері пәнінен “Қарқаралым - арқадағы Гүлстан ! ” атты облыстық байқауына ауданымыздың Ю.Гагарин ат. ЖББМ оқушылары қатысып 2 орын иеленіп қайтты. Жеңімпаздар мен жетекшісін құттықтаймыз!
Ақпарат/20 мамыр 2024
№Ағымдағы жылдың 13-15 мамыр күндері 5-7 сынып оқушылары арасында “Өлкетану” пәнінен “Сарыарқа- менің мекенім” атты облыстық конкурсіне ауданымыздың “Ростовка ТМ”, “ С.Торайғыров ат. ТМ” және “ Жанаталап ЖББМ” оқушылары Қарқаралы қаласында өткен облыстық байқаудан 3 орын иеленіп қайтты. Жеңімпаздар мен жетекшілерді құттықтаймыз!
Ақпарат/20 мамыр 2024
№2024 жылғы 17 мамыр күні Бұқар жырау ауданы білім бөлімінің ұйымдастыруымен “ Оқу жылының аяқталуына байланысты өткізілетін іс-шаралар бойынша және білім беру ұйымдарында заңсыз қаражат жинаудың алдын алу, сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтарды болдырмау мәселері жөнінде аудандық ата-аналар жиналысы өткізілді. Күн тәртібінде: 1. Жазғы сауықтыру мекемелеріне қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар туралы; 2. Су айдынындағы қауіпсіз мінез-құлық туралы. Тұрмыстағы және орман-дала алқаптарындағы өрт қауіпсіздігі шаралары туралы; 3. Кәмелетке толмағандар құқық бұзушылықтың алдын алу туралы; 4. Білім беру ұйымдарында ақша жинауға тыйым салу туралы. ‼️Жиналысқа 📍Бұқар жырау аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау бөлімінің бас маманы басшысы Закирова Виктория Ибрагимовна 📍Бұқар жырау ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы Жүніспеков Ерсін Сағатұлы 📍Бұқар жырау аудандық ішкі істер бөлімінің кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі инспекторы Сейдыгалымов Нұрсұлтан Сейфуллаевич 📍Аудандық білім бөліміне қарасты білім беру ұйымдарының басшылары мен ата-аналары қатысты онлайн форматта ZOOM желісі арқылы қатысты. Аудан бойынша жиналысқа қатысқан ата- аналар саны -2234.
Ақпарат/20 мамыр 2024