Онлайн қабылдау
Электрондық өтініштер
Осы сервистің көмегімен кез келген мемлекеттік органға өтініш жазуға болады. Жүйе Сіздің өтінішіңіздің мекен жайға жетуіне 100% кепілдік береді және оны жіберу кезеңінен бастап жауапты алуға дейін өтінішті қарау мәртебесін қадағалауға мүмкіндік береді.
Қабылдауға жазылу
Халықпен кері байланыс орнату, анықталған мәселелерге уақытылы ден қою және қабылданған шаралар мен бастамаларды тиімді басқару үшін көмек береді. Сондықтан осы бетте Сіздің сұрағыңызды талқылау үшін бізбен жедел байланыс орнатуға мүмкіндік беретін сервистер жинақталды. Мұнда Сіз электрондық өтініш жазуға, мемлекеттік органның бірінші басшысының блогына сұрақты жолдауға және оған немесе оның орынбасарына жеке қабылдауға жазыла аласыз.
Жиі қойылатын сұрақтар
Барлығын көруСалық заңнамасына сәйкес 2016 жылдан бастап механикалық көлік құралдарын бастапқы мемлекеттік тіркеу кезінде алым төлеу көзделген.
Осылайша, Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 615-бабының
4-тармағына сәйкес механикалық көлік құралдарын бастапқы мемлекеттік тіркегені үшін алым мөлшерлемесі бекітілді.
Сонымен қатар, машина жасау саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі болып табылатынын, яғни осы салада жүргізіліп жатқан саясатты осы мемлекеттік орган айқындайды.
Мөлшерлемелердің мөлшерін белгілеу немесе оларды өзгерту салалық уәкілетті мемлекеттік органдар, бұл жағдайда – Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі ұсынатын негізделген ұсыныстар негізге алына отырып жүргізіледі.
Мысал:Қазақстан Республикасының азаматы жаңа жеңіл автокөлік сатып алып, оны бастапқы мемлекеттік тіркеу үшін уәкілетті органға жүгінді. Ресімдеу кезінде оған Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 615-бабының 4-тармағына сәйкес механикалық көлік құралын бастапқы тіркегені үшін алым төлейді. Азамат осы алымды төлеуден босату мүмкіндігі туралы сұрақпен жүгінді.
Жауап: Қолданыстағы салық заңнамасында жеке тұлғаларды аталған алымды төлеуден босату көзделмеген. Бұл ретте мөлшерлемелерді өзгерту не жеңілдіктерді енгізу машина жасау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның — Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің негізделген ұсыныстары негізінде ғана мүмкін болады.
Жаңа Салық кодексінің 508-бабының 1-тармағына және
509-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасында өндірілмейтін импортталатын тауарларға ҚҚС есепке жатқызу әдісімен төлеу көзделген
(ҚҚС-тан босатуға ұқсас).
Көрсетілген тауарлардың тізбесі және оны қалыптастыру тәртібі «Қосылған құн салығын есепке жатқызу әдісімен төленетін импортталатын тауарлардың тізбесін және оны қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 1199 қаулысымен бекітілген.
ҚҚС есепке жатқызу әдісімен төленетін импортталатын тауарлардың тізбесін қалыптастыру қағидаларының (бұдан әрі – Қағида) 5-тармағына сәйкес ҚҚС есепке жатқызу әдісімен төленетін импортталатын тауарлардың тізбесіне өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу жөніндегі ұсыныстарға мынадай мәліметтер қоса беріледі:
1) экономиканың тиісті саласын басқару мәселелері жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның тізбені өзгерту және (немесе) толықтыру қажеттілігі және тізбеге қосуға ұсынылып отырған тауарға Қазақстан Республикасының жылдық қажеттілігі (нақты көлемі) туралы;
2) экономиканың тиісті саласын басқару мәселелері жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның Қазақстан Республикасының аумағында ұқсас тауарлар өндірісінің жылдық көлемі (нақты көлемі) туралы немесе мұндай өндірістің болмауы туралы;
3) Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін, тізбеге қосуға ұсынылып отырған тауардың құны (тауардың 1 бірлігіне теңгемен). Осылайша, Қағидаларға сәйкес экономиканың тиісті саласын басқару мәселелері жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган ҚҚС есепке жатқызу әдісімен төленетін импортталатын тауарлар тізбесіне толықтырулар енгізуге бастамашылық жасау мүмкіндігі бар.
Мысал:«Бета» ЖШС 2026 жылы өндірісті жаңғырту үшін өнеркәсіптік жабдықты (мамандандырылған станок) импорттауды жоспарлап отыр. Бұл жабдық Қазақстан Республикасының аумағында өндірілмейді, құны жоғары (бірлігіне 150 000 000 теңге). Бұл ретте аталған жабдық ҚҚС есепке жатқызу әдісімен төленетін импортталатын тауарлар тізбесіне енгізілмеген.
Сұрақ:ҚҚС есепке жатқызу әдісімен төлеу тетігін қолдану үшін осы жабдықты тізбеге қалай қосуға болады?
Жауап:«Бета» ЖШС тиісті ұсыныспен салалық министрлікке (мысалы, өнеркәсіп саласындағы уәкілетті органға) жүгінеді. Уәкілетті орган: ұсынылған деректерді талдайды; отандық өндірістің болмауы; Тізбеге өзгерістер енгізу туралы ұсынысты қалыптастырады және жібереді. Ұлттық экономика министрлігінің келісімін алады және Үкімет қаулысының тиісті жобасын әзірлейді. Қазақстан Республикасының Үкіметі өзгерістер бекіткеннен кейін жабдық тізбеге енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Салық кодексі 503-бабының
1) тармақшасына сәйкес 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап 16% мөлшерінде ҚҚС базалық мөлшерлемесі белгіленгенін атап өтеміз.
Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 460-бабына сәйкес тауарды жеткізу жөніндегі міндеті көзделсе тауарды жеткізуді жүзеге асыратын тұлғаға тауар берілген күн немесе тауар өнім берушінің көлік құралына тиелген күн тауарларды өткізу бойынша айналымды жасау күні болып табылады. Егер тауарды жеткізу жөніндегі міндеті болмаса тауарды беру туралы құжатқа қол қойылған күн немесе сатып алушының билігіне тауар берілген күн тауарларды өткізу бойынша айналымды жасау күні болып табылады. Жұмыстарды орындау, көрсетілетін қызметтерді іске асыру күні болып: орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтер актісінде; орындалған жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің актісі болмаған жағдайда, Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасына сәйкес ресімделген жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету фактісін растайтын құжатта (шот-фактурадан басқа) көрсетілген қол қою күні танылады. Осылайша, 16% мөлшеріндегі ҚҚС мөлшерлемесі 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап жасалған салық салынатын айналым мен салық салынатын импорт көлеміне қолданылады.
Сонымен қатар, жаңа Салық кодексінің ережелерінде ұзақ мерзімді шарттар шеңберінде 12% мөлшерінде ескі салық мөлшерлемесін қайта есептеу немесе өзге де қолдану мүмкіндігін көздейтін өтпелі нормалар жоқ.
Осылайша, ұзақ мерзімді шарттарды іске асыру шеңберінде 2026 жылы шарт жасалған күнге қарамастан 16% мөлшерінде ҚҚС мөлшерлемесі қолданылатын болады.
Мысал:«Альфа» ЖШС тапсырыс берушімен 2025 жылғы 15 қарашада тауарларды жеткізу шартын жасасты. Шарттың жалпы құны 10 000 000 теңгені құрайды (ҚҚС есептемегенде). Шарт талаптарына сәйкес: тауарды жеткізу 2026 жылғы 10 ақпанда жүзеге асырылады; төлем 2026 жылдың 20 ақпанында жүзеге асырылады.
Сұрақ: Осы шартты іске асыру кезінде ҚҚС мөлшерлемесі қандай?
Жауап: 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енген 2025 жылғы 18 шілдедегі жаңа Қазақстан Республикасының Салық кодексінің ережелеріне сәйкес ҚҚС мөлшерлемесі 16%-ды құрайды.
Бұл ретте 2026 жылғы 1 қаңтарға дейін жасалған шарттар бойынша бұрын қолданыста болған 12% ҚҚС мөлшерлемесін қолдануға мүмкіндік беретін өтпелі ережелер көзделмеген. Шарт 2025 жылы жасалғанына қарамастан, міндеттемелерді нақты орындау (жеткізу және төлеу) 2026 жылы жүзеге асырылады. Осыған байланысты 16% ҚҚС мөлшерлемесі қолданылады.
Есептеу: Тауардың құны (ҚҚС-сыз): 10 000 000 теңге, ҚҚС 16%: 1 600 000 теңге, ҚҚС есебімен жиынтық сома: 11 600 000 теңге.
Министрлік 2025 жылғы 16 маусымдағы № 52 бұйрығымен бекіткен Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын жоспарлау және іске асыру қағидалардың (бұдан әрі – Қағидалар) 217-218-тармақтарында көрсетілген ерекшеліктерді қолданбай, көлемі айлық есептік көрсеткіштің 700 000 еселенген мөлшерінен асатын өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды дамыту жөніндегі мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары Қағидалардың 2 және 3-тарауларына сәйкес жалпы тәртіппен жоспарланады.
Бұл ретте, егер өндірістік инфрақұрылымды дамыту жөніндегі МЖӘ жобасы АЕК-тің 700 000 еселенген мөлшерінен аспаған жағдайда, жоспарлау Қағидаларда белгіленген ерекшеліктерді ескере отырып жүзеге асырылуы мүмкін (мысалы, Ведомствоаралық жобалау топтарын құру талап етілмейді; конкурс өткізу туралы ақпаратты орналастыру мерзімі – кемінде күнтізбелік 30 күн бұрын; бір және одан көп өтінім болған кезде конкурсты өтті деп тану).
Министрлік 2025 жылғы 16 маусымдағы № 52 бекіткен Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын жоспарлау және іске асыру қағидаларының (бұдан әрі – Қағидалар) 217-218-тармақтарында өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды дамыту жөніндегі мемлекеттік-жекешелік әріптестік (бұдан әрі – МЖӘ) жобаларын жоспарлау және іске асыру белгіленген ерекшеліктерді ескере отырып жүзеге асырылатын шарттар айқындалған (мысалы, Ведомствоаралық жобалау топтарын құру талап етілмейді; конкурс өткізу туралы ақпаратты орналастыру мерзімі - кемінде күнтізбелік 30 күн бұрын; бір және одан көп өтінім болған кезде конкурсты өтті деп тану).
Ерекшеліктерді қолдану шарттарының бірі 700 000 еселенген айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі – АЕК) мөлшерінен аспайтын көлемде инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым (коммуникациялардың барлық түрлеріне) құру (реконструкциялау) болып табылады.
Бұл ретте көрсетілген шекті мәннен асқан кезде МЖӘ жобалары Қағидалардың 2 және 3-тарауларында көзделген жалпы тәртіппен көрсетілген ерекшеліктерді қолданбай жоспарланады.
Осылайша, өндірістік инфрақұрылымды дамыту бойынша МЖӘ жобаларын іске асыру АЕК 700 000 еселенген көлемімен шектелмейді.