Құрылым
«Экономикалық зерттеулер институты» АҚ
Экономикалық зерттеулер институтының қызметі елдің экономикалық стратегиясының іске асырылу барысын ғылыми қамтамасыз етуге, экономиканың жағдайын талдауға және оның алдағы уақытқа даму болжамына, тұрақты экономикалық өсуге жәрдемдесуге, халықтың тұрмыс сапасы мен деңгейін арттыруға бағытталған.
«Қазақстандық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығы» АҚ
«Қазақстандық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығы» акционерлік қоғамы орталығы зерттеулер, оқыту және кеңес беру, инвестициялық жобалардың іске асырылуын сараптау және бағалау бойынша қызметтер көрсетеді.
«Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ
«Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ – корпоративтік басқарудың озық стандарттарына сәйкес келетін және Қазақстан экономикасын әртараптандыру, инновацияларды қолдау, экспортты дамыту, еңбек өнімділігін ұлғайту жолымен орнықты дамыту жөніндегі міндеттерді іске асыруды қамтамасыз ететін Қазақстан Республикасы Үкіметінің негізгі институты.