
Астана қаласы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті негізгі қызметі елорда аумағында қылмыстық жазаларды орындау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруға бағытталған. Департамент қарасты мекемелерде құқықтық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз етеді, бас бостандығынан айырумен байланысты емес жазаларды орындауды ұйымдастырады, сондай-ақ сотталғандардың құқықтары мен заңды мүдделерінің сақталуына бақылау жүргізеді.
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті аумақтық бөлімшесі бола отырып, Департамент Астана қаласы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі органдары мен мекемелеріне басшылық жасайды, олардың қызметін үйлестіреді және жазаларды орындау тиімділігін арттыруға, құқықбұзушылықтардың алдын алуға, сондай-ақ сотталғандарды қайта әлеуметтендіруге бағытталған шараларды жүзеге асырады.
| Мекен жайы | Астана қаласы, Сарыарқа ауданы,Шыңтас қиылысы, 14а |
| Кезекші бөлімі | +7(7172)-55-83-90 |
| Канцелярия | +7(7172)-27-34-36 |
| №64 мекеме КБ | +7(7172)-57-03-12 |
| №2 мекеме КБ | +7(7164)-44-22-51 |
| №3 мекеме КБ | +7(7172)-57-07-34 |
| duisnursultan@mail.ru |