23 маусымда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» ҚР Заңына қол қойды, ол онша ауыр емес, орташа қылмыстары үшін жазадан босатуды және ауыр, аса ауыр қылмыс жасағаны үшін сотталғандардың негізгі жазасының мерзімін қысқартуды көздейді.