Аса қауіпті инфекцияларды эпидемиологиялық қадағалау және биоқауіпсіздік басқармасының бас сарапшысы, C-4 санаты (1 бірлік, уақытша, негізгі қызметкердің бала күтімі бойынша демалыс мерзіміне 2024 жылғы 4 қаңтарға дейін), А блогы
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті
Астана қаласы
268345
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
- мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
- осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес;
- Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;
- өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
- жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
- ғылыми дәрежесінің болуы;
- Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
Функционалды міндеттер
Биоқауіпсіздік және жетекшілік ететін аса қауіпті инфекциялық аурулар бойынша республикадағы эпидемиологиялық жағдайға, оны тұрақтандыру бойынша жүргізілетін іс-шараларға талдау жүргізу, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы мәселелері бойынша басқа мемлекеттік органдармен және ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау. Жетекшілік ететін аса қауіпті инфекциялық аурулар және аса қауіпті патогендермен жұмыс істеу кезінде биоқауіпсіздік бойынша халықтың эпидемиологиялық саламаттылығын қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыруға қатысу. Аса қауіпті инфекциялық аурулардың өршуін тергеп-тексеруге, себептерін анықтауға, оларды шоғырландыру және профилактикалық және эпидемияға қарсы іс-шараларды жүргізу жөніндегі ұсынымдарды әзірлеуге қатысу. Жетекшілік ететін аса қауіпті инфекциялық ауруларды эпидемиологиялық бақылау және қадағалау және биоқауіпсіздік мәселелері жөніндегі Комитеттің аумақтық органдары мен ұйымдарының қызметін үйлестіру. Республикалық және өңірлік семинарларды, ғылыми-практикалық конференцияларды ұйымдастыруға және өткізуге қатысу. Құзыреті шегінде заңнамалық және нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу, келісу және қарау. Құжаттарды уақтылы және сапалы дайындауды жүзеге асыру. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша шешімдердің жобаларын қарау және дайындау. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құзыреті шегінде өзге де міндеттерді орындау.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- Астана қаласы, Министрліктер үйі, Мәңгілік ел даңғылы 8-үй, 10 кіреберіс
-
8(7172) 74-18-04