Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің Атырау облысының Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы, С-О-1 санаты (1 бірлік), № 21-29-1
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті
Астана қаласы
182456 - 246519
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлану, өзгерістерді басқару;
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
- мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-3, B-4, C-3, C-O-2, C-R-1, D-3, D-O-2, D-R-1, Е-2, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда бір жылдан кем емес;
- осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда бес жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-3, B-4, C-3, C-O-2, C-R-1, D-3, D-O-2, D-R-1, Е-2, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда өтілі бір жылдан кем емес;
- А-3, B-4, C-3, C-O-2, C-R-1, D-3, D-O-2, D-R-1, Е-2, E-R-1 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі төрт жылдан кем емес;
- өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, облыстық және оларға теңестірілген сот судьясының лауазымында қызмет өтілі екі жылдан кем емес;
- мемлекеттік қызмет өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының басшылық лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшылық лауазымдарында үш жылдан кем емес;
- жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтаған немесе ғылыми дәрежесі болған жағдайда мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-3, B-4, C-3, C-O-2, C-R-1, D-3, D-O-2, D-R-1, Е-2, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда өтілі бір жылдан кем емес;
- осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік орган болып табылмайтын ұйымдардың басшылық лауазымдарында екі жылдан кем емес;
- Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
Функционалды міндеттер
Департаменттің барлық құрылымдық бөлімшелерінің жұмысына жалпы басшылық ету, үйлестіру, жоспарлау және тиімді өзара іс-қимыл жасау. Қоғамдық денсаулық сақтау, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы, көрсетілетін медициналық қызметтердің сапасы, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы салаларындағы мемлекеттік бақылауды, техникалық регламенттерде және нормативтік құжаттарда белгіленген, сондай-ақ тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі саласындағы талаптардың сақталуын бақылауды және қадағалауды іске асыру. Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласында, денсаулық сақтау саласындағы есірткі заттардың, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналысын мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру. Реттелетін саладағы мемлекеттік қызметті көрсету, үйлестіру және мориторингілеу, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес рұқсат ету құжаттарын беру, олардың қолданысын тоқтата тұру, сондай-ақ олардан айыру (қайтарып алу). Департаментті білікті кадрлармен қамтамасыз ету, оларды ұтымды пайдалану және олардың кәсіптік білімдері мен тәжірибесін дамыту, құжаттарды басқару бойынша жұмыстың сапасы, атқарушылық және еңбек тәртібін сақтау. Департамент қызметкерлерінің мемлекеттік қызмет туралы заңнаманы, оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес заңнамаларын орындауын қамтамасыз ету. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық және әкімшілік жаза қолдану туралы істерді қарау. Құзыретінің шегінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау және олар бойынша қажетті шараларды қабылдау. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де міндеттерді орындау.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
Қажетті құжаттар
- Нұр-Сұлтан қаласы, Министрліктер үйі, Мәңгілік ел даңғылы, 8-үй, 10 кіреберіс
-
8(7172) 74-18-04; 74-27-12