Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің кадрлық және ұйымдастыру-құқықтық жұмыс басқармасының бас сарапшысы, C-4 санаты (1 бірлік), № 25-02-8 (В блогы)

Мемлекеттік орган

Медициналық бақылау комитеті

Аймақ

Астана қаласы

Санат

C-4

Орташа лауазымдық айлықақы

236 338

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

  1. мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
  2. осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес;
  3. Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;
  4. өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
  5. жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
  6. ғылыми дәрежесінің болуы;
  7. Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Тілдер және әдебиет бойынша мұғалімдерді даярлау
  • Тілдер және әдебиет
  • Журналистика және ақпарат
  • Әлеуметтік-мәдени қызмет көрсету

Қосымша талаптар

Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға кандидаттарды тестілеу бағдарламасында көзделген Қазақстан Республикасының заңнамасын білуі, мемлекеттік тілді және Қазақстан Республикасының заңнамасын, денсаулық сақтау саласындағы қатынастарды реттейтін нормативтік құқықтық актілерді білуі.

Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның актісімен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес

Функционалды міндеттер

Комитет төрағасының қатысуымен алқалар, кеңестер, баспасөз конференцияларын, брифингтер, дөңгелек үстелдер мен кездесулер ұйымдастырады және өткізеді, сондай-ақ Комитет қызметін ақпараттық сүйемелдеуді жүзеге асырады.

Комитеттің Медиа-жоспарын дайындау және іске асыру бойынша жұмыс жүргізеді.

Комитеттің қызметі туралы материалдарды құруда бұқаралық ақпарат құралдарына ұйымдастырушылық және әдістемелік көмек көрсетеді.

Комитеттің қызметі туралы республикалық БАҚ-тың ақпараттық материалдарын құруға қатысады.

Комитет Төрағасының бұқаралық ақпарат құралдарында сұхбаттар, тікелей эфирлер, сөз сөйлеулерін дайындайды.

Комитет төрағасының шығуына материалдарды (тезистер, анықтамалар, презентациялар және т.б.) дайындауды және келісуді жүзеге асырады.

Комитет төрағасының оң имиджін қолдайды және тиісті қоғамдық пікір қалыптастырады.

Комитет қызметіне қатысты мәселелер бойынша жиынтық ақпаратты, материалдарды, есептерді, баяндамалардың талдамалық жазбаларын, мақалаларды, қызметтік жазбаларды, анықтамаларды және т.б. дайындауды жүзеге асырады.

Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің тапсырмаларын орындау бойынша ақпараттық хабарламаларды дайындауды жүзеге асырады.

Қоғаммен байланыс жөніндегі құзыретке жататын мәселелер бойынша Комитет қызметкерлеріне кеңес береді.

Комитет басшылығының қызметін ақпараттық-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асырады. Фототүсірілімдер мен бейнежазбаларды ұйымдастыру және жүргізеді. Фото және бейне мұрағатын құру және жүргізеді. Басшылықтың тапсырмасы бойынша мерзімді басылымдардан тақырыптық ақпараттық-анықтамалық материалдарды іріктеуді жүзеге асырады. Ұйымдастыру техникасымен және фотоаппаратурамен жұмыс және оған қызмет көрсетеді.

Қызметті ақпараттық қамтамасыз ету, материалдарды іріктейді және көпшілік алдында сөз сөйлеулерді әдеби өңдейді. Түрлі бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерімен байланысты қамтамасыз етеді, оларда жарияланатын аймақ туралы материалдарды шолу, мониторингілеу және талдау жүргізеді. Комитет қызметкерлерінің қатысуымен өткізілетін іс-шараларды жариялайды. Комитет қызметінің бағыттары бойынша брифингтер, журналистердің кездесулерін ұйымдастырады. Өңірлер бойынша шолу материалдарын, кеңестерден, штабтар, Комитет төрағасы жанындағы комиссиялар отырыстарынан репортаждар дайындайды.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 18.10.2022

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

19.10.2022 – 21.10.2022
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 20 МБ

Сұхбаттасу орны

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті, 010000, Астана қаласы, Министрліктер үйі, Мәңгілік ел даңғылы 8-үй, 13 кіреберіс

Анықтама алу үшін байланыс

8(7172) 74-17-27