ҚР ДСМ Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Қостанай облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті Алтынсарин аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау және қадағалау, қызметті жоспарлау және талдау бөлімінің жетекші маманы, 1 бірлік

Мемлекеттік орган

Қостанай облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті

Аймақ

Қостанай облысы

Санат

C-R-5 (Жетекші маман)

Орташа лауазымдық айлықақы

178426

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім немесе орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім немесе орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім

Мамандығы

  • Бизнес және басқару
  • Құқық
  • Биологиялық және сабақтас ғылымдар
  • Қоршаған орта
  • Ветеринария
  • Денсаулық сақтау
  • Жалпы медицина

Функционалды міндеттер

"А" блогы. Зерттеудің зертханалық әдістерін жүргізе отырып, бақылаудағы объектілерге мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауды, ұйғарымдардың орындалуын бақылауды жүзеге асыру. Инфекциялық, соматикалық, кәсіптік сырқаттанушылық, еңбекке уақытша қабілетсіздігіне байланысты сырқаттанушылық жөніндегі есептерді қабылдау және деректерді өңдеу. Ақпараттық бюллетеньдерді, сапа көрсеткіштерін жасау, инфекциялық, паразиттік және аса қауіпті аурулардың ошақтарында профилактикалық, эпидемияға қарсы іс-шараларды жүргізу. Ісқағаздарын жүргізу. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерімен жұмыс жасау. Құрылымдық бөлімше бойынша статистикалық құжаттаманы жүргізу. Келіп түскен арыздырдың, жеке және заңды тұлғалардың өтініштердің тіркелуін, есепке алынуын және орындалуының сапасын  қамтамасыз ету. Ақапараттық-анықтамалық қызмет көрсетуді және ақпараттық құжаттаманың сақталуын қамтамасыз ету. Ақапаратты автоматты өндеу жүйесінің жұмысын қамтамасыз ету. Тұлғалардың өтініштерін бірігей есепке алу бағдарламасымен жұмыс жасау. Басқарма қызметкерлерімен шаруашылық субъектілерді тіркеуге есепті және бақылауды жүргізу. Кәсіпкерлік саласындағы тексерістерді есепке алу карточкаларын және талондарын жүргізілуін бақылауды қамтамасыз ету, басқарма бөлімдерінің бөлінісіндегі шаруашылық субъектілердң тексеру талондарының тапсырылуына ай сайын талдау жасау.  Қазақстан Республикасы заңнамасының, оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың сақталуын қамтамасыз ету. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құзыретінің шегінде өзге де міндеттерді орындау.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 20.09.2022

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

21.09.2022 – 29.09.2022
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу орны

Қостанай қ., Әл-Фараби даңғ., 113

Анықтама алу үшін байланыс

54-00-40