. Стратегия және даму басқармасының бас сарапшысы, C-4 санаты (1 бірлік, уақытша, негізгі қызметкердің оқу демалысы мерзіміне 2024 жылғы 1 шілдеге дейін), Б блогы

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті

Аймақ

Астана қаласы

Санат

C-4

Орташа лауазымдық айлықақы

236338

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

  1. мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
  2. осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес;
  3. Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;
  4. өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
  5. жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
  6. ғылыми дәрежесінің болуы;
  7. Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Денсаулық сақтау
  • Қоғамдық денсаулық сақтау
  • Дәрігерлік емдеу ісі

Функционалды міндеттер

Орындаушылық және еңбек тәртібін сақтау. Стратегиялық шешімдерді дайындау, Комитеттің мемлекеттік саясатын қалыптастыру және іске асыру. Оның миссиясынан, стратегиялық мақсаттары мен міндеттерінен туындайтын стратегиялық, реттеушілік, іске асыру немесе бақылау функцияларын жүзеге асыру. Басқарманың құзыреті шегінде нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу және қабылдауды қамтамасыз ету. Құзыреті шегінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау. Комитетке жүктелген миссияны, стратегиялық міндеттер мен мақсаттарды іске асыру шеңберіндегі жобалық қызмет  (жобаны басқару). Жоспарлау және талдау бойынша жұмыстарды ұйымдастыру, Комитеттің құзыреті шегінде Жалпы ұлттық жоспардың, Комитеттің жылдық жұмыс жоспарының, Министрліктің стратегиялық және операциялық жоспарларын, Ұлттық жобалардың жүзеге асырылуын бақылау. Комитеттің кеңейтілген отырыстарды өткізу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру, құзыреті шегінде Министрліктің, Комитеттің талдамалық материалдарының, анықтамаларының, баяндамаларының, алқа шешімдерінің жобаларын дайындау. Құжаттарды уақтылы және сапалы дайындауды жүзеге асыру. Құзыреті шегінде Комитеттің аумақтық органдары мен ведомстволық бағынысты ұйымдарының мамандарына әдістемелік және практикалық көмек көрсету. Құзыреті шегінде мемлекеттік органдармен және ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құзыреті шегінде өзге де міндеттерді орындау.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 14.09.2022

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

15.09.2022 – 23.09.2022
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу орны

Нұр-Сұлтан қаласы, Министрліктер үйі, Мәңгілік ел даңғылы 8-үй, 10 кіреберіс

Анықтама алу үшін байланыс

8(7172) 74-18-04