Фармацевтикалық және медициналық өнеркәсіпті дамыту басқармасының бас сарапшысы, С-4 санаты (3 бірлік), №25-29-2, 25-29-3, 25-29-4 (блок А)

Мемлекеттік орган

Медициналық бақылау комитеті

Аймақ

Астана қаласы

Санат

C-4

Орташа лауазымдық айлықақы

268 344

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

  1. мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
  2. осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес;
  3. Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;
  4. өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
  5. жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
  6. ғылыми дәрежесінің болуы;
  7. Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Құқықтану
  • Экономика
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Биотехнология
  • Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы
  • Органикалық заттардың химиялық технологиясы
  • Фармацевтикалық өндіріс технологиясы
  • Қоғамдық денсаулық сақтау
  • Фармация
  • Жалпы медицина
  • Қаржы

Қосымша талаптар

Функционалды міндеттер

Өз құзыреті шегінде медициналық және фармацевтикалық өнеркәсіп саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру; өз құзыреті шегінде медициналық және фармацевтикалық өнеркәсіп саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру және жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу; дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың өндірісі бойынша  инвестициялық жобаларға мемлекеттік қолдау көрсету жөніндегі  ұсыныстар әзірлеу; халықаралық стандарттарға (GLP және ISO-17025) сәйкес келетін аккредиттелген зертханалардың/орталықтардың үлесін ұлғайту; ұлттық реттеушінің ДДҰ бенчмаркингінің жетілу деңгейіне қол жеткізуі; дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды шығару жөніндегі жаңа өндірістерді құру және дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар өндірісін оқшаулау үшін шетелдік компанияларды тарту, отандық өндірістің дәрілік заттары мен медициналық бұйымдарының қолжетімділігін қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды іске асыруды үйлестіру, медициналық және фармацевтикалық өнеркәсіпті дамыту мәселелері бойынша Еуразиялық экономикалық одақпен өзара іс-қимыл; медициналық және фармацевтикалық өнеркәсіпті дамыту мәселелерін реттейтін нормативтік құқықтық базаны жетілдіру; жетекшілік ететін саладағы консультациялық-кеңесші органдардың қызметін үйлестіруге қатысу; сыртқы нарықта ОТӨ мүдделерін қорғау жөніндегі іс-шараларды іске асыру; дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың өндірісін оқшаулау үшін шетелдік компанияларды тарту жөніндегі жұмысты ұйымдастыру; фармацевтикалық өнеркәсіп объектілері паспорттарының базасын қалыптастыру. Құзыреті шегінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау. Басқарманың құзыреті шегінде қолданыстағы заңнамаға сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асыру.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 02.09.2022

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

05.09.2022 – 07.09.2022
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу орны

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті, 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Министрліктер үйі, Мәңгілік ел даңғылы 8-үй, 13 кіреберіс

Анықтама алу үшін байланыс

8(7172) 74-17-27