Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің Көліктегі тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті Болашақ станциасы санитариялық-карантиндік бақылау бөлімінің басшысы. C-O-4 (1 бірлік)

Мемлекеттік орган

Көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті

Аймақ

Астана қаласы

Санат

C-O-4 (Бөлімінің басшысы, сот орындаушысы)

Орташа лауазымдық айлықақы

126357 - 170599

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

  1. мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес;
  2. осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес;
  3. Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
  4. өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі алты айдан кем емес;
  5. жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
  6. ғылыми дәрежесінің болуы;
  7. Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес;
  8. сот орындаушысы лауазымына жұмыс тәжірибесі талаптары қолданылмайды.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Қоғамдық денсаулық сақтау
  • Дәрігерлік емдеу ісі
  • Жалпы медицина

Функционалды міндеттер

Санитарлық-карантиндік бақылау бөлім жұмысын жоспарлау және басқару. Жұмыстың жаңа формалары мен әдістерін тәжірибеге енгізу және зерделеу.  Қазақстан Республикасы мемлекеттік шекарасындағы өткізу пункттерінде санитарлық - карантиндік бақылауды  жүзеге асыруды ұйымдастыру, үйлестіру және бақылау және Қазақстан Республикасы аумағына тыйым салынған және халық денсаулығына қауіп төндіретін тауарлар және жүктердің әкелінуі және жұқпалы, паразиттік аурулардың таралуы жағдайында санитарлық-эпидемияға қарсы (алдын алу) шараларын өткізу. Қызметтің негізгі бекітілген көрсеткіштері бойынша  санитарлық - карантиндік бақылау бөлімдерінің қызметтерін  болжау, бағалау және талдау. Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің жобаларын өз құзыреті шегінде әзірлеу және қарау Аналитикалық материалдар, анықтамалар, ақпараттар дайындау.  Көліктегі халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы мәселелері бойынша кеңестер, семинарлар ұйымдастыру және өткізу. Қазақстан Республикасының заңнамасының, соның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес заңнамасының сақталуын қамтамасыз ету. Құзыреті шегінде мемлекеттік органдармен және ұйымдармен өзара әрекеттесу. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құзыретінің шегінде өзге де міндеттерді орындау.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 03.07.2020

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

07.07.2020 – 09.07.2020
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу орны

Нұр-Сұлтан қаласы, Сарыарқа ауданы , Қарасай батыр көшесі 2а,

Анықтама алу үшін байланыс

8(7172) 94-29-06