"Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің Көліктегі тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті"Санитарлық-эпидемиологиялық мониторинг бөлімінің жетекші маманы, C-O-6 (1 бірлік)
Көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті
Астана қаласы
97510 - 132020
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім немесе орта білімнен кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім немесе орта білімнен кейінгі білім
Функционалды міндеттер
Функционалдық міндеттері: Аумақтық бөлімшелерден жедел мәліметтерді, статистикалық есепті өңдеу, ақпаратты жинау және талдау жасау және оларды Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау Комитетіне және «Санитарлық-эпидемиологиялық сараптама және мониторинг ғылыми-тәжірибелік орталығы» ШЖҚ РМҚК-ға тапсыру. Бөлімнің бас мамандарымен бірлесе статистикалық есеп және есепке алуды уақытында жүргізілуіне бақылау жүргізу. Бөлімнің басшысымен және бас мамандарымен бірлесе, көліктегі халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығындағы нормативтік және директивтік актілердің орындалуына бақылау. Көліктегі халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы мәселелері бойынша кеңестер, семинарлар өткізілуіне қатысады. Электронды пошта бойынша ақпараттарды қабылдауды, тіркеуді және жіберуді жүргізеді.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- Нұр-Сұлтан қаласы, Сарыарқа ауданы , Қарасай батыр көшесі 2а,
-
8(7172) 94-29-06